• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 27 Қараша, 2020

БЖЗҚ өз салымшыларын зейнетақы төлемдерін алуға шақырды

1141 рет
көрсетілді

«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ зейнет жасына жеткен, қорда зейнетақы жинақтары бар және зейнетақы төлемдерін алуға өтініш білдірмеген адамдарды қордағы жинақтарын алуға шақырды.

«Әсіресе 59,5 жасқа былтыр толған әйелдердің назарын ерекше аударғымыз келеді. Егер олар төлем тағайындауға жыл соңына дейін жүгінбесе, мұны келесі жылы тек 60 жасқа толғаннан кейін ғана жасай алады. ҚР «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңына сәйкес әйелдердің зейнетке шығу жасы жыл сайын жарты жылға ұлғайып, 2027 жылы ерлермен теңесетіні белгілі.

Естеріңізге сала кетейік, БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдері алушы өтініш берген күннен бастап белгіленеді және зейнетақы жинақтары таусылғанға дейін жүзеге асырылады» делінген қор мәлімдемесінде.

Зейнеткерлік жасқа толуына байланысты бірыңғай өтініш беру үшін Мемлекеттік корпорацияның жұмыс кестесіне сәйкес «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-қа өзіңізге ыңғайлы уақытта жүгіну қажет. Зейнетақы төлемін тағайындау туралы өтінішті зейнеткерлік жасқа толғанға дейінгі 10 күн ішінде беруге болады.

Бірыңғай өтініш негізінде алушыға Мемлекеттік кепілдік (инфляция деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомасы мен зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырма) төлеу бойынша белсенді қызмет те көрсетіледі.

БЖЗҚ алушылардың Қазақстан Республикасы заңнамасының ережелеріне сәйкес есептелген зейнетақы төлемдерінің сомаларын Мемлекеттік корпорацияға аударады.

Ай сайынғы зейнетақы төлемінің мөлшері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 02.10.2013 жылғы №1042 қаулысымен бекітілген Зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асыру әдістемесіне сәйкес есептелген зейнетақы төлемдерінің жылдық сомасының он екіден бір бөлігі ретінде айқындалады.

Бұл ретте ай сайынғы зейнетақы төлемінің есептелген мөлшерінің төлемі республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің 54 пайызынан кем емес мөлшерде жүзеге асырылады (01.04.2020 ж. бастап – 17 640,72 теңге = 54% * 32 668).

Егер өтініш берілген күнгі зейнетақы жинақтарының сомасы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төмен зейнетақының он екі еселенген мөлшерінен аспайтын болса, бұл сома алушыға БЖЗҚ-дан бір рет біржола төленеді. 2020 жылдың 1 сәуірінен бастап бұл сома 485 292 теңгеге тең.

 

АЛМАТЫ