• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Аймақтар 27 Қараша, 2020

Атырауда 30 млн медициналық маска шығарылады

121 рет
көрсетілді

Атырауда жылына 30 млн медициналық маска шығарылады, - деп жазады Egemen.kz

Бұл істі кәсіпкер Махмут Мералиев қолға алды. Оған пандемияның бірінші толқынында медициналық масканың тапшылығы себеп болыпты. Оның жобасы Үкімет тарапынан қолдау тауып отыр. Енді медициналық масканың алғашқы партиясы Тәуелсіздік күні қарсаңында сатылымға түседі.

«Қазір «Доктор Хаус» ЖШС-де 20 адам жұмыс істейді. Бір реттік медициналық маска  тоқылмаған материалдан жасалады. Оны пайдалану уақыты – 2 сағат. Ересектерге арналған үш қабаты бар медициналық масканының жылына 30 млн данасын шығаруды көздеп отырмыз» дейді зауыттың бас инженері Мұхтар Махметов.

Оның айтуынша, болашақта балаларға арналған маска да шығарылады.