• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Аймақтар 27 Қараша, 2020

Атырауда қабаған ит талаған бала ауруханадан шықты

137 рет
көрсетілді

Атырауда қабаған ит талаған екі жасар бала облыстық балалар ауруханасынан шықты, - деп хабарлайды Egemen.kz

Облыстық балалар ауруханасының дәрігер-травматологы Жақсылық Мағзомовтың айтуынша, екі жасар бала аурухананың жарақат бөлімінде бір апта емделді.

«Ит тістегеннен қалған жарақаты толық жазылған соң, тіккен жіпті алдық. Баланың бас сүйегін компьютерлік томографияға түсірдік. Қазір бала үйіне жіберілді. Енді учаскелік дәрігердің бақылауында болады» деді Жақсылық Мағзомов.