• RUB:
    4.73
  • USD:
    511.22
  • EUR:
    540.05
Басты сайтқа өту
Қоғам 27 Қараша, 2020

Елордада қандай халыққа қызмет көрсету орталықтары бар?

282 рет
көрсетілді

Елордада отбасылық, тұрғын үй, коммуналдық мәселелерді шешу үшін "бір терезе" қағидаты бойынша қызмет көрсетілетін мамандандырылған орталықтарға жүгінуге болады, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«IQala» қалалық қызметтер орталығы тұрғын үй-коммуналдық сектор мәселелері бойынша қызметтерді онлайн-режимде алуға мүмкіндік береді. Ұйымда барлық коммуналдық қызметтердің, сондай-ақ өз бизнесін ашатын кәсіпкерлер мен өзара іс-қимыл жасайтын басқармалардың өкілдері жиналған. Атап айтқанда, бұл сәулет және қала құрылысы, жер қатынастары басқармалары. Бүгінгі күні Орталық жеке және заңды тұлғалар үшін 137 қызмет көрсетеді, қолданушыларға ыңғайлы болуы үшін қолжетімді қызметтер тізімі порталдың басты бетінде орналасқан www.iqala.kz. орталықтың Фронт-кеңсесі мына мекен-жайда орналасқан: пр. Қошқарбаева, 29. IQala жұмысы туралы туындаған барлық сұрақтар бойынша қала тұрғындары 109 бірыңғай елордалық байланыс орталығының (i-Komek) телефоны бойынша хабарласа алады.

«Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығында заңгерлік, психологиялық және әлеуметтік көмек көрсетіледі. Мамандар әр отбасымен жеке жұмыс жүргізеді. Елорда тұрғындарына open space алаңында қоғамдық денсаулық сақтау, жұмысқа орналасу, білім алу, тұрғын үй алу және бизнес ашу мәселелері бойынша жүйелі кеңестер мен көмек көрсетіледі.Орталықта барлық жағдай жасалған. Ерекше қажеттіліктері бар адамдарға арналған лифтілер жұмыс жасайды, ал балаларға арнап арнайы ойын аймағы ашылған, онда орталық қызметкерлері оларды қадағалайды.

ОИҚО Бейбітшілік көшесі, 14 мекен-жайында орналасқан. Орталық жұмыс күндері 09:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейді. Туындаған сұрақтар бойынша "Жанұя" байланыс телефонына +7-7172-27-82-98 нөмірі бойынша хабарласуға болады. Қажетті ақпаратты Орталықтың Instagram парақшасынан көруге болады.

Тұрғын үй саласында қызмет көрсету жөніндегі бірыңғай орталықта тұрғын үй мәселелері бойынша кеңес алуға болады. Тұрғын үйге кезекке тұру, кезек нөмірін тексеру, тұрғын үй бағдарламаларына қатысу шарттары, тұрғын үй сертификатын алу, кредиттік/жалға берілетін пәтерлер мәселелері және т.б.

Орталықта арнайы мамандар қызметін алуға болады. Онда Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің кеңесшілері де жұмыс істейді. Бірыңғай тұрғын үй орталығы Республика даңғылы, 32 мекенжайы бойынша орналасқан.

Нұр-Сұлтандағы Азаматтық бастамалар орталығы белсенді елордалықтар мен үкіметтік емес ұйымдарға қаладағы әлеуметтік немесе мәдени ортаны жақсарту жөніндегі жобаларды іске асыруға көмектеседі. АБО-да ақпараттық-әдістемелік қолдау, кеңес беру, оқыту іс-шаралары жүргізіледі. Орталық жобалар құнын есептеуге, сондай-ақ қаржыландыру мәселесін шешуге көмектеседі. Тұрғындардың белгілі бір әлеуметтік мәселені шешуге және оны қалай жасауға болатынын білу үшін, Азаматтық бастамалар орталығына жүгінуге болады. Ол үшін civilcenterelorda.kz сайтында консультацияға өтінім қалдыру қажет немесе мына нөмірлерге қоңырау шалыңыз: +7 7172 32 35 19, + 7 771 050 15 37, +7 708 800 28 87.