• RUB:
    5.4
  • USD:
    473.15
  • EUR:
    515.12
Басты сайтқа өту
Коронавирус 30 Қараша, 2020

Коронавирус инфекциясы анадан балаға тікелей беріле ме?

474 рет
көрсетілді

Сингапурда жүктілік кезінде коронавируспен ауырған жергілікті тұрғын, ағзасында вирусқа қарсы антиденелері бар ұлды дүниеге әкелді, - деп хабарлайды Egemen.kz

Коронавирус әйелде жүктіліктің 10-шы аптасында анықталған. Әйел індеттің жеңіл түрімен ауырып, 2,5 аптадан кейін ауруханадан шыққан. Ұлы болса COVID-19 қарсы қорғаныс иммунитетімен туылған.«Бұл өте қызық жағдай. Менің COVID-19-ге қарсы антиденелерім жоғалып кетті, бірақ менің ұлымда бар. Дәрігерім жүктілік кезінде ұлыма антиденелерімді бергенімді жобалайды», - дейді әйел.Сарапшылар коронавирус инфекциясының анадан балаға тікелей берілуі әлі дәлелденбегенін айтуда. Дәрігерлер нәресте ағзасында бір жылға дейін болатын антиденелер әрқашан туылған кезде анадан балаға берілетінін атап өтуде.