Нұр-Сұлтандағы Нұрлы жол вокзалы төңірегіндегі қоғамдық тамақтану орынында газ баллоны жарылды, деп хабарлайды Egemen.kz ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомство хабарлағандай 1 қазанда сағат 22.14-те өрт сөндіру қызметтері Байтұрсынұлы 43/2 мекенжайы бойынша шақыртуға шыққан. Олар сағат 22.19-да оқиға орнына жеткенде жаңадан салынып жатқан үйдің территориясында асхана ретінде пайдаланылған, 150 шаршы метр болатын бөлек тұрған құрылыс өртеніп жатқанын анықтаған, маңында тұрған ағаш табандықтары жанып жатқаны белгілі болды.
Белгілі болғандай, газ баллоны жарылған. Өрт сөндіру қызметі 4 газ баллонын өрт аумағынан алып шыққан.
"Өрт 22.36-де ауыздықталып, 22.50-де толық сөндірілді. Абырой болғанда, ешкім зардап шеккен жоқ. Өрт себебі анықталады. Оқиға орнына 4 дана техника мен жеке құрамның 23 қызметкері тартылды" делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, бұған дейін 22 қарашада Нұр-Сұлтандағы кафелердің бірінде жарылыс болған еді. Ол кезде көпсалалы ауруханаға түрлі жарақатпен 23 адам жеткізіліп, 2 адам қаза тапқан болатын. Бұдан соң, газ қолданылатын жергілікті қоғамдық тамақтану орталықтарын тексеру жұмыстары басталды.