• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
02 Желтоқсан, 2013

Ол күн біздің есімізде

310 рет
көрсетілді

Төрт жылға созылған қан­құйлы Ұлы Отан соғысының ауыртпалықтарын өткерген, екі ғасыр куәгері, екі формацияда өмір сүріп, оған тағдырлас болған аға ұрпақ өкілдері сол бір күнді ешқашан ұмыта алмайды. Ол 1991 жылдың 1 желтоқсаны болатын. Тәуелсіздіктің жар­қырап атып келе жатқан нұр­лы таңына сенім артқан Қазақ­стан халқы бірінші рет өз елі Президентінің сайлауына 98,7 пайыз қатысты. Зор мақ­танышпен қазақ халқының Тұң­ғыш Президенті болып Нұр­сұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды. Жұрттың қуанышы мен ризашылығы соншалық, сайлау бүкілхалықтық мерекеге айналды. Білетін-білмейтіндіктеріне қарамастан, жұрт бірін-бірі жылы шыраймен құттықтауда болды.

Төрт жылға созылған қан­құйлы Ұлы Отан соғысының ауыртпалықтарын өткерген, екі ғасыр куәгері, екі формацияда өмір сүріп, оған тағдырлас болған аға ұрпақ өкілдері сол бір күнді ешқашан ұмыта алмайды. Ол 1991 жылдың 1 желтоқсаны болатын. Тәуелсіздіктің жар­қырап атып келе жатқан нұр­лы таңына сенім артқан Қазақ­стан халқы бірінші рет өз елі Президентінің сайлауына 98,7 пайыз қатысты. Зор мақ­танышпен қазақ халқының Тұң­ғыш Президенті болып Нұр­сұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды. Жұрттың қуанышы мен ризашылығы соншалық, сайлау бүкілхалықтық мерекеге айналды. Білетін-білмейтіндіктеріне қарамастан, жұрт бірін-бірі жылы шыраймен құттықтауда болды.

Сол күндері Л.Б.Гончаров атындағы Алматы жол-құрылыс институтының оқытушылары – біздер студенттердің Президент сайлауына қатысқандарына, дербестікке қол жеткен еліміздің келешегіне аса бір ризашылық танытқан сезімдеріне, оқуға деген ынталарына тәнті болдық. Әрқашан жастарымыздың қуа­нышын көргеннен артық бақыт жоқ екеніне барлық кезде көзіміз жетіп келеді. Өйткені, адамның нәр беретін тамыры да, сән беретін жапырағы да келешек ұрпақ емес пе?!

Енді біраз шегініс жасап, сол жылдардағы саяси-әлеуметтік жағдайларымызға көз жіберейікші. 1991 жылы желтоқсан айында Кеңес Одағы деп аталатын, 70 жыл үстемдік орнатқан держава ыдырап, тарихи сахнадан кетті. 16 одақтас республика әр­қай­сысы әр жаққа алаңдады. Бірі мұсылмандық одаққа, бірі Еуропаға көз тікті. Техника жабдықтары, қаражат қоры түгелдей дерлік Ресей зауыт­тарына, Мәскеу орталығына бағынышты болғандықтан, елімізде өндіріс тоқтай бастады.

Онсыз да кисе киімге, ішсе тамаққа тапшылықпен күнелткен жерімізде ет, сүт тағамдарына, бала-шағаның киім-кешегін сатып алуға сағаттап кезектерде тұратын болдық.

Бір қолға мөлшерленген заттарды ғана алатын едік (бір бөтелке айран, 1-2 пәшке грузин шайы, бір тауық, т.т.). Дүкендер сөресі бос қалды. Ауыл адамдары ала сөмке арқалап, қалаларды жағалап нәпақасын табуға кірісті... Қысқаша айтқанда, Қазақ елі жапан түзде жалғыз қалған отаудай күн кешкен кез еді. Осындай аласапыран кезінде болатпен бірге қайнап шыныққан, бала кезінен көпшілік жұмыстардың лидері болып қалыптасқан, облыстық, республикалық партия комитеттерін басқарған Нұрсұлтан бауырымыз қазақтың бағына Көк Туымызды қолына алып, ешбір ел басынан кешпеген қырқасы мен белесі көп жолмен елімізді бастап келеді.

«Алмас кездік қын түбінде жатпайды» деген осы. «Адамда жақсы қасиет болмаса бақ та, бақыт та қонбайды», деген екен Баласағұн бабамыз. Ел мүддесіне қалтқысыз қызмет етіп, күні-түні тыным таппай жар құлағы жастыққа тимей ерендік пен тереңдік, кемелдік пен көрегендік танытып жүрген асыл азаматымызға Алла жар болсыннан басқа айтарымыз жоқ. Тәуелсіздіктің арқасында тарихи аз уақыт ішінде әлем таныған дамушы мемлекеттердің біріне айналдық.

Қазақ жерінің асты да, үсті де тұнып тұрған қазына. Бізде кен байлығы бар. Бізде ел байлығы да бар. Ол – ғылым мен білім. Ол – жаңа технология. Ол – экономиканы әртараптандыру, ол ЭКСПО-2017. Бізде рух байлығы бар. Оның басты өлшемі татулық, тыныштық пен тұрақтылық, еңбекқорлық. Тарихи аз уақыт ішінде көршілес және алыс құрлықта орналасқан елдермен терезесі тең дипломатиялық қарым-қатынас орнатып, әр мемлекеттің төрінен елшілігімізді аштық. Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болдық. Экономикамыз қарқынды дамып, дүниежүзілік дағдарыстан сүрінбей өтіп, алдыңғы қатарлы 50 елдің санатына ендік. Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына басшылық жасадық. Алар асуларымыз әлі де аз емес екеніне кәміл сенеміз.

Арын арқалап, намысын қамшылап, ұрпақтарға ұйытқы болып келе жатқан қарттардың мақтан тұтары көп. Ал оның ішінде: әсем қала, алып қала киелі шаһар Алматы Қазақстан тәуелсіздігінің алтын бесігі болғаны, осы қалада 1991 жылы 1 желтоқсанда Тұңғыш Президентіміз – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың таққа отырғаны белгілі. Ал біз – аға ұрпақ еліміздің амандығына, жұртымыздың тыныштығына тілек айтып, сайын дала Сарыарқа төсіндегі, Еуразия кіндігіндегі Астананың жасампаз істеріне, ХХІ ғасыр Қазақстанның алтын ғасырына айналатынына батагөй болып келе жатырмыз.

Бижамал РАМАЗАНОВА,

Қазақстан Республикасы

Орталық ардагерлер кеңесінің мүшесі,

Алматы қаласының құрметті азаматы.

АЛМАТЫ.

Соңғы жаңалықтар