• RUB:
    4.73
  • USD:
    511.22
  • EUR:
    540.05
Басты сайтқа өту
Аймақтар 03 Желтоқсан, 2020

Шымкент гарнизонында жаңа оқу жылы басталды

137 рет
көрсетілді

Шымкент гарнизонының барлық әскери бөлімдері мен жергілікті әскери басқару органдарында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жоспарына сәйкес «Ұлы дала әскері – тәуелсіздік тірегі!» атты жауынгерлік ұранымен жаңа оқу жылы басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жаңа оқу жылының алдында барлық жерлерде дайындық шаралары өтті. Әскери қызметшілерге салтанатты түрде қару мен жауынгерлік техника табыс етілді. 2020 жылдың күзінде шақырылған жас толықтыру әскери ант қабылдады және бөлімшелерге бөлінді.

Жаңа оқу жылы дәстүр бойынша митингтерден басталды, онда әскери қызметшілер алдағы оқу кезеңіне қабылдаған міндеттемелерін айтты. Әскери бөлімдер мен бөлімшелердің командирлері жеке құраммен мемлекеттік-құқықтық дайындық бойынша дәрістер өткізді.

Бірінші аптада барлық бөлімдер мен мекемелерде жауынгерлік әзірлік бойынша сабақтар өтеді. Олар хабарлау жүйесінің тиімділігін тексеру, басқару органдары (штабтар) жұмысының үйлесімділігін арттыру, жеке құрамның практикалық дағдыларын дамыту, басқару органдарының, құрамалар мен әскери бөлімдердің өзара іс-қимыл деңгейін жетілдіру үшін жүргізіледі.

Жауынгерлік әзірлік аптасынан кейін барлық санаттағы әскери қызметшілер мамандық бойынша сабақ өтеді, ол жеке құрамның атқаратын лауазымдары көлемінде функционалдық міндеттерді, штаттық қару-жарақ пен әскери техниканың материалдық бөлігін, оларды пайдалану тәртібін зерделеу тақырыптарын қамтиды.

Жыл бойы жеке құрамды оқыту әскери қызметшілерді мамандық бойынша даярлауды, бөлімшелерді үйлестіру, жауынгерлік атыстар мен тактикалық оқу-жаттығуларды қамтитын жауынгерлік даярлық бағдарламасы бойынша жүргізілетін болады.