• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
02 Желтоқсан, 2013

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ: Басқаға жалтақтайтын күннен кеттік. Бар байлығымызды өзімізге бұйыратын еттік. Қоғамның саяси тұрақтылығы мен бірлігіне жеттік. Қысқасы, ел болудың ең ауыр белесінен өттік.

463 рет
көрсетілді

Тәуелсіздік – тарихтың мәңгіге бөліп берген еншісі емес, халықтардың мамыражай өмір сүруіне берілген кепілдік те емес: аңғал болмағанымыз абзал.

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ:

Басқаға жалтақтайтын күннен кеттік.

Бар байлығымызды өзімізге бұйыратын еттік.

Қоғамның саяси тұрақтылығы мен бірлігіне жеттік.

Қысқасы, ел болудың ең ауыр белесінен өттік.

Тәуелсіздік – тарихтың мәңгіге бөліп берген еншісі емес, халықтардың мамыражай өмір сүруіне берілген кепілдік те емес: аңғал болмағанымыз абзал.

*     *     *

Тәуелсіздік үшін күрес – елге тиген үлес.

*     *     *

Қазақстан Тәуелсіздігінің формуласы – тең мәнді екі ұғымның: Азаттық пен Жауаптылықтың қосындысы.

Жауаптылықтың арқасында ғана біз дамудың дұрыс стратегиялық жолын таңдай алдық, мемлекет құрып, бейбітшілік пен келісімді сақтап қалдық.

*     *     *

Тәуелсіздік алған сәттен бастап Қазақ­стан өзінің бір де бір қадамымен, іс-әреке­ті­мен немесе тіпті бір де бір сөзімен өңір­лік және жаһандық қауіпсіздікке нұқсан кел­тір­ме­ген мемлекеттің өнегесі болып табылады.

*     *     *

Біз тәуелсіздікпен бірге тілімізді түлет­­тік, дінімізді өркендеттік, тамырымызды жалғап, салт-дәстүрімізді жаңғырттық.

Ұлттық жаңғыртуды жүзеге асырып, жаңа құндылықтар қалыптастырдық. Ғасыр­лар қойнауынан асылдарымызды аршып алдық.

*     *     *

Біздің тәуелсіздігіміз – қазақ ұлтының қоғамдық ойдың қалыптасуымен және халықтың жан-жүрегінің аңсауымен демелген көпғасырлық ұмтылысының жемісі.

*     *     *

Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен гөрі, Тәуелсіздікті мәңгі ұстап қалу одан әлдеқайда қиын. Бұл әлем кеңістігінде ғұмыр кешкен талай халықтың басынан өткерген тарихи шындық. Өзара алауыздық пен жан-жаққа жөнсіз тартқан берекесіздік талай елдің тағдырын құрдымға жіберген.

*     *     *

Тәуекелі тұратындардың ғана қолы жетпесе, Тәуелсіздік бола ма? Азаппен, арпалыс­пен келмесе, Азаттық бола ма? Оңайлықпен келсе, оның қадірі бола ма? Қадірі жоқ нәрсе қолда ұзақ тұра ма?

*     *     *

Алда тұрған сын белестерден білекке – білек, жүрекке – жүрек, тілекке – тілек қоса білсек қана абыройлы өте аламыз.

*     *     *

Тәуелсіздіктің қайта оралғаны – біздің ата-бабаларымыздың сан ғасырлық азаттық күресінің заңды өтеуі. Жаратқан Иенің жасаған әділдігі. Ата-бабаларымыздың осыншама байтақ жерді ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қорғап қалғанының арқасы.

*     *     *

Теңге – ел тұрақтылығы мен тәуелсіздігінің белгісі.

*     *     *

Тәуелсіздіктің туын қолда берік ұстау – әрбір қазақтың, Қазақстанды өз Отаным деп санайтын әр адамның ең басты борышы, ең биік мақсаты.

*     *     *

Қазақстанның тәуелсіздігі таза парақтан «жазылған жоқ», оның көне дәстүрлері бар. Бізге бүгінімізді түйсініп, болашағымыздың сұлбасын көру үшін өткенімізге үңілу қажет.

*     *     *

Бостандық бізге азап, күрес пен жоқшы­лықтар арқылы, ал тәуелсіздік – өтуіміз қажет болған тәуекел арқылы келді. Міне, сондықтан да біз бұл ұлы ұғымдардың құнын да, пайдасын да, қасиетін де білеміз.

*     *     *

Тәуелсіздігіміз тұғырлы, мемлекеттігіміз ғұмырлы болсын!

*     *     *

Өтпелі кезеңнің өкпек желі соғар да өтер.

*     *     *

Дүниеде тәуелсіз Қазақ елі бар.

Әлемде егемен Қазақстан бар.

Оның көпұлтты, тату, ынтымақшыл халқы бар.

Қуатты экономикасы, сенімді саяси жүйесі бар.

Ең бастысы – бүгіннен нұрлы, бүгіннен кемел болашағы бар.

Сол күнге берік сенім бар!

*     *     *

Енді біздің ел атқа қонады: дүйім дүниенің қандай дүбірлі додасына да тайсалмай түсіп, кім-кіммен де жалтақсыз жарысатын болады.

*     *     *

Басқаға жалтақтайтын күннен кеттік.

Бар байлығымызды өзімізге бұйыратын еттік.

Қоғамның саяси тұрақтылығы мен бірлігіне жеттік.

Қысқасы, ел болудың ең ауыр белесінен өттік.

*     *     *

Біле білсек, осы он жылдағы еңбегіміздің ең басты қорытындысы – ел болғанымыз. Ел бола алғанымыз. Біз мемлекет құрдық. Құрғанда да, аты бар да заты жоқ мемлекет емес, бүкіл адамзат танитын, танып қана қоймаған, мойындайтын, құрметтейтін мемлекет құра алдық.

*     *     *

Қазақстанның тәуелсіздігі бейбіт жолмен келді. Бұл азаттық үшін алысқан мың-мыңдаған азаматтардың қасиетті қанының өтеуі. Бұл бүкіл тарихында өзгелерге қиянат жасау дегенді білмеген халықтың пейілінің қайтарымы.

*     *     *

Тәуелсіздік Туын тігуге қаншалықты қажыр-қайрат керек болса, оны құлатпай сақтап қалуға соншалықты қажыр-қайрат керек.

*     *     *

Алдымызда асу-асу белдер бар, ұлт жолында ұйтқи соғар желдер бар. Бел де талар, жел де беттен қағар. Бәріне көну керек, бәріне төзу керек.

*     *     *

Қаз тұрып, қадам басқан Тәуелсіздік сәби­лік тұсауын өміршең уақытқа кестірген кезден бастап, Қазақстанымыз айшылық жерді алты-ақ аттаған алып секілді, дәуір жалынан мықтап ұстап, тізгінін бекем қаға білді.

*     *     *

Аталарымыздың тар кезеңде табысып, бірлік-берекесін көрсеткен жақсылығымен қатар, кеңшілікке шыққанда кесірлік танытып, ала болып ауыздағыларынан айырылып, өзара қырқысып кететін жаманшылығының қабат жүретіндігі де өзекті өртейді.

*     *     *

Қазақстанның аспан түстес Туының бетінде алтынға айналған бүркіт қанат керген. Осынау келіскен мазмұнды да мағыналы нысанның бойында табиғат та, тіршілік те, тарих та тоғысып жатыр.

*     *     *

Еңсесі түскен елдің есін жиғызған, жапа шегіп, зар жылаған халықтың көзінің жасын тыйғызған кімдер еді?

Азаматынан айырылған арғымаққа қайтадан ер салдырған, тұтастық туын қолға қайтадан алдырған кімдер еді?

Қасиетті бабаларымыз – Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би еді.

*     *     *

Тәуелсіздік – ең алдымен елдің экономи­калық дербестігі.

*     *     *

Бәрін де тарихтың сый-сыбағасы деуге болар, алайда жан-жүрегіңнің аңсары болған азаттықты ешкім де сыйға тарта алмайды.

Азаттық дегеніміз әлемдік тарих толқынында өзінің субъектілік құқығын сезінетін және оған жауап бере алатын халық болмысының жалғыз ғана үлгісі.

*     *     *

Біз тәуелсіздік алғаннан бері бірыңғай ізденіс үстінде келе жатқан елміз. Ізденіс үстінде дөп басу да, мүлт кету де бола береді. Ештеңе істемеген адам ғана қателеспеуі мүмкін.

*     *     *

Бүгінгі біздің тәуелсіздігіміздің қайнар көзі қазақ халқының сан ғасырлар бой­ғы күресінде, азат­тыққа ұмтылған қайсар­лығында жатыр.

*     *     *

Бойында қаны бар, намысы бар әрбір азамат: «Енді тәуелсіздікті қалай кемел­­­дендіреміз, елдің көсегесін қайтсек көгер­те­міз?!» деп ой-санасын қамшылауы керек.

*     *     *

Халық кешпейтін бір-ақ нәрсе бар: елдің қолына зарықтырып келіп қонған бақыт құ­сынан – Тәуелсіздіктен айырылуды кешпейді.

*     *     *

Тәуелсіздікті күн сайын қорғау керек, ай сайын қорғау керек, жыл сайын қорғау керек, нығайту керек, өркендету керек.

*     *     *

Тәуелсіздіктің тар жол, тайғақ кешуінен, беттен қағар желінің есуінен тайсалмауға тиіспіз.

*     *     *

Мәселе қай топтың жеңетінінде немесе билік басына кімнің келетіндігінде емес, мәселе – тәуелсіздік тағдырында.

*     *     *

Біздің тәуелсіздігіміздің жолы – Отан тағдыры үшін барлық 140 ұлттың жауап­кершілігінің жолы.

*     *     *

Танылған мемлекеттік егемендік – кез келген халықтың үлкен әрі қымбат тұратын ресурсы.

*     *     *

Тәуелсіздік – әлемдік тарихтың ағынында субъект болу құқығын сезінетін әрі соған жауап беретін халық болмысының жалғыз ғана нышаны.

*     *     *

Азаттық жолы ұзақ та тауқыметті. Оны баянды ете білу де оңай шаруа емес.

*     *     *

Мемлекеттік тәуелсіздік – тарихтың сыйы немесе тек қазіргі ұрпақтың ғана меншігі емес. Ол – өткеннің алдындағы борыш және келешектің алдындағы жауапкершілік.

*     *     *

Біз дүниені дүрбелеңге салған дағдарыстан демікпей шығып, дамудың даңғыл жолына бет бұрған елміз. Ықтимал сын-тегеуріндерге тыңғылықты шеп құрған елміз.

*     *     *

Мемлекет мерейі – мығымдығында.

*     *     *

Менің ғұмырым ел тағдырымен еншілес.

*     *     *

Жетістіктерімізге сын көзбен қарап, сабыр сақтайтын ел болайық.

*     *     *

Дағдарыстар өтеді, кетеді. Ал мемлекет тәуелсіздігі, ұлт мұраты, ұрпақ болашағы сияқты құндылықтар мәңгі қалады.

*     *     *

Ұлы той көппен көрген халқың үшін,

Ешқашан адастырмас салтың үшін.

Жаратқан!

Қазағыма ынтымақ бер,

Тұрғанда мына заман тартып ішін!

*     *     *

Қазақстан халқы біртұтас, бірлігі мызғымас кемел елге айналды.

*     *     *

Азаттық жолындағы Қазақстанның әлі талай-талай қиын кезеңдерден өтуіне тура келеді.

*     *     *

Мемлекеттік тәуелсіздік тарихтың сыйы емес және тек қазіргі ұрпақтың бір өзінің ғана меншігі емес. Бұл өткеннің алдындағы парыз және болашақтың алдындағы жауапкершілік.

*     *     *

Мемлекеттің мемлекеттілігі оның өз тағдырына қатысты мәселелерді өз бетінше шеше алуынан танылуға тиіс.

*     *     *

Бұл заман – тек күштіні, бірлікті мойындаған заман. Бұл заманда әлем тек экономикалық жағынан мықты, ішкі тұтас­тығы берік, ауызбірлігі күшті мемлекеттермен ғана санасады, сондай елдерді ғана сыйлайды. Қазақстан қазір әлем санасатын, әлем сыйлайтын сондай елге айналды.

*     *     *

Халқы тату-тәтті, саясаты сарабдал елдің ғана қазынасы қыруар, болашағы баянды болады.

*     *     *

Мен үшін қашанда мемлекет мүддесі мен ел игілігі жолында қалтқысыз қызмет атқарудан артық бақыт болған емес.

 

(М.Қасымбековтің жетекшілігімен құрастырылған «Жылдар мен ойлар»

кітабының негізінде дайындалды).

Соңғы жаңалықтар