Тұңғыш Президент күні қарсаңында Астанада жалауы желбіреген бүркітшілер сайысында әлемнің 12 мемлекетінен 60 бүркітші бақ сынады. Аталмыш жарыста 1-2 орындарға Қазақстан командасы, атап айтқанда, 1-орынға «Ақбалақ» атты бүркітімен Атырау облысынан келген Арман Қошқарбаев ие болса, 2-орынға «Нарын» атты құсымен астаналық Күнтуған Тоқтыбай көтерілді. 3-орынды Моңғолиядан келген бүркітшілер – Рсылы Нұрғайып пен Жарық Сайлау өзара бөлісті.
Суреттерді түсірген Ерлан ОМАРОВ.