• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 03 Желтоқсан, 2020

Банктерге 19 млн теңге айыппұл салынды

406 рет
көрсетілді

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің хабарлауынша, қазан айында қаржы ұйымдары тарапынан бірқатар құқық бұзушылықтар анықталған. Банктер, сақтандыру ұйымдары, микро қаржы ұйымдары және коллекторлық агенттіктер жұмысынан анықталған заң бұзушылықтар үшін жалпы сомасы 18,6 млн теңге айыппұл салынған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аталған агенттіктің тұтынушылар құқығын қорғау департаментінің директоры Александр Терентьевтің айтуынша, банктерге қатысты 1,4 млн теңгеге 6 әкімшілік жаза қолданылған. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына қатысты 277,8 мың теңге сомасына 1 әкімшілік айыппұл, ал микроқаржы қызметімен айналысатын ұйымдарға жалпы сомасы 16,6 млн теңгеге 29 әкімшілік жаза қолданылған. Бұл ретте коллекторлық агенттіктерге 277,8 мың теңге көлемінде бір әкімшілік жаза қолданылыпты.

Қазан айында жеке және заңды тұлғалардың 1573 өтініші қарастырылған. Бұл былтырмен салыстырғанда 7 пайызға немесе 110 өтінішке көп болып шықты.

Өтініштердің басым бөлігі банк секторына тиесілі. Банктердің атына жолданған өтініш барлық өтініштің 76 пайызын құрайды. Одан бөлек микроқаржы қызметін жүзеге асыратын ұйымдардың қызметі бойынша – 12, сақтандыру нарығының субъектілері мен бағалы қағаздар нарығы субъектілері бойынша – 2 және коллекторлық агенттіктер – 4 мен басқа ұйымдар бойынша – 4 пайыз өтініш келіп түскен.