Қорғаныс министрлігі Қазақстанның мемлекеттік органдары арасында алғашқы болып Korganyz.kz-Интернет-телевидениесін іске қосты. Бұл Қазақстан әскерінің оң беделін нығайтуға бағытталған жаңа жоба болып табылады.
Қорғаныс министрлігі Қазақстанның мемлекеттік органдары арасында алғашқы болып Korganyz.kz-Интернет-телевидениесін іске қосты. Бұл Қазақстан әскерінің оң беделін нығайтуға бағытталған жаңа жоба болып табылады.
Korganyz.kz порталына тек әскери мамандардың қызығушылығын оятып қана қоймай, Қарулы Күштердің кең аудиторияға арналған тыныс-тіршілігі мен Қорғаныс министрлігінің қызметі туралы бейнематериалдар, фоторепортаждар орналастырылған. Бейнеқызмет онлайн-таратылымдар мен бейнеконференциялар жүргізуге, сондай-ақ, заманауи технологиялар мен коммуникациялардың әдістерін неғұрлым кеңірек қолдануға мүмкіндік береді.
Korganyz.kz әскери парадтарды, жауынгерлік оқу-жаттығуларды және өзге де ресми іс-шараларды оn-line режімінде таратуды ұйымдастыру үшін қолданылады. Оны пайдаланушылар әскери-патриоттық тақырыптағы бейне-фотомұрағаттарға оңай қол жеткізе алады. Сондай-ақ, қазақстандықтардың көзайымына айналған «Айрықша тапсырма» реалити-шоуын, Қорғаныс министрлігінің бастамасымен жасалған өзге де арнайы жобаларды тарату жоспарланып отыр.
Korganyz.kz – бұл Қазақстан әскерінің жетістіктері мен әскери адамдардың тағдырына бейжай қарай алмайтын адамдарға арналған бейне-портал.
Әскери интерет-телевидениені іске қосу Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың күніне орайластырылып отыр. Бұл мерекенің негізгі идеясы – қоғамды Қазақстанның тұрақты және қарқынды дамуының іргетасына айналған Мемлекет басшысы жүргізіп отырған саясаттың маңына топтастыру.
Өз өмірін әскермен байланыстырған жастар тек конституциялық борыштарымен ғана емес, саналы түрдегі жеке таңдаулары арқылы да Жоғарғы Бас қолбасшыға әріптес болу керек. Нағыз ер-азаматтың, өз Отанының патриоты мен қорғаушысының таңдауы – туған Отаны мен халқына және оның лидеріне адал болу.
«Егемен-ақпарат».