Таиланд астанасында оппозиционерлер наразылық акцияларын қайта жандандырды. Бұл туралы ТИАР-ТАСС хабарлады.
Бангкокта ереуілшілер үкімет үйін тағы да шабуыл арқылы басып алмақ болған. Содай-ақ олар құқық қорғау органдары мекемесінің айналасына жинала бастады. Оппозиционерлер тағы бірқатар үкіметтік мекемелерді басып алуға әрекет ететіндерін алға тартты.
Бангкоктағы жергілікті басқару мекемесі маңында полиция ереуілшілерге қарсы көз жасаурататын газ қолданды. Куәгерлердің айтуы бойынша, полициямен қақтығысқа түскен оппозиционерлер кейін шегінген.
Оппозиционерлер Таиланд қаржы министрлігі ғимаратын басып алған. Билік бұл ғимаратты өз бақылауларына қайтару үшін арнай операция жүргізетіндерін ескерткен болатын. Алайда, оппозиция өкілдері мекемені босатудан бас тартуда. Тіпті мұнда қазір ереуілшілер штабы орналасқан екен.
Жексенбі күні Таиланд үкіметі қауіпсіздік мақсатында Бангкок тұрғындарын бірнеше сағат үйлерінен шықпауға шақырды. Ол күні қалада күштік құрылымдар арнайы операция жүргізуі тиіс еді. 1 желтоқсан күні Таиланд премьер-министрі Йинглак Чинават оппозиция жетекшісі Сутеп Таугсубанмен кездесті. Оппозиционердің айтуы бойынша, ол премьерден екі күн ішінде билікті халықтың қолына өткізуді талап еткен. Алайда, ол Йинглак Чинаваттан қандай да бір жауап ала алмаған көрінеді.
Айдар Өрісбаев.
Дереккөз: Itar-tass.com