• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Аймақтар 04 Желтоқсан, 2020

Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары мен құрылыс басқармасының басшысы сотқа берілді

147 рет
көрсетілді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары мен Құрылыс басқармасының басшысына қатысты қылмыстық істі сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтады. Бұл туралы агенттіктің баспасөз қызметі хабарлады.

Олар Атырау облысы Жылыой ауданының Құлсары қаласындағы 200 орындық жаңа аурухана кешенін пайдалануға қабылдау актісіне қол қоюға жәрдемдескені және жалпы қамқорлығы үшін алдын ала сөз байласу арқылы бір топ адаммен 185 млн теңге сомасында аса ірі көлемде пара алуда күдікті болды. Ағымдағы жылдың 3 желтоқсанында қылмыстық іс Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жолданды. Күдіктілер кінәсінің деңгейі туралы түпкілікті шешімді сот шығарады.