• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 04 Желтоқсан, 2020

"Теңіз" кенішінде 140 жұмысшы коронавирусқа шалдықты

1271 рет
көрсетілді

Атырау облысындағы "Теңіз" кенішінде қарашадан бері 140 жұмысшының коронавирусқа шалдыққаны белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz

"Аталған кен орнында қарашадан бері қауіпті індетті жұқтырған 140 жағдай тіркелді. Оның ішінде 71 науқас соңғы 4 тәулікте анықталды. Қазір "Теңіз" кен орнындағы 315 орындық инфекциялық стационарда 15 маман жұмыс істеуде. Мұнда 111 науқас ем қабылдауда. Осылайша стационар жүктемесі 35,2 пайызды құрады. Соған сәйкес, денсаулық сақтау басқармасы бүгін Теңіз кен орнына қосымша 8 маманды жіберуге шешім қабылдады. Оның ішінде 2 дәрігер, 2 мейіргер мен 4 санитар бар", деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.