• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
03 Желтоқсан, 2013

Ақтау портын шетел компаниясы басқаруы мүмкін

350 рет
көрсетілді

Маңғыстау облысындағы Ақтау портын шетелдік компаниялардың бірі басқаруы мүмкін. Бұл туралы Kazakhstan Today хабарлады.

«Ақтау теңіз портына Испанияның бір компаниясы қызығушылық танытып отыр. Қазір оның делегациясы Қазақстанға келіп, барлық жағдайларды зерттеп жүр. Бұдан басқа, Ақтау теңіз портын алуға түрік компаниялары да қызығушылық білдірген болатын», - деді «Kaznexinvest» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Қайрат Қарманов Астанада өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, шетелдік компаниялар басқарып ғана қоймайды, порт жұмысының жақсаруына қаржы бөледі. Сондай-ақ, Қорғас портына араб компаниялары қызығушылық танытқан көрінеді. «Шетелдік инвесторлардың келуімен бұл жерлерде менеджменттің тиісті деңгейде болатын ықтималдығы өте жоғары, себебі, қазақстандық компаниялар оны жасауды меңгере қойған жоқ, бұған әлі біраз уақыт керек», - деді Қ.Қарманов.

Бақытбек Кенешұлы.

Дереккөз: «Kazakhstan Today»

Соңғы жаңалықтар