Қызылорда облысы бойынша 2020 жылдың 10 айында балалар мен жасөспірімдер арасында туберкулез ауруынан көз жұму жағдайы тіркелмеген, - деп хабарлайды Egemen.kz
Жалпы облыс көлемінде жыл басынан бері туберкулездің 310 жаңа жағдайы тіркелген, бұл 2019 жылыдың осы кезеңімен салыстырғанда 18,3%-ке төмендегенін көрсетіп отыр. Індеттен көз жұму деңгейі де 35,3%-ке азайған, оның ішінде балалар мен жасөспірімдер арасында бірде-бір жағдай тіркелмеген.Есепті мерзімде туберкулез ауруына қарсы 17 245 сәби вакцинация және 9 131 ревакцинация арқылы, барлығы 26 376 балаға егу жұмыстары жүргізілген. Егуден кейінгі асқыну жағдайлары тіркелген жоқ.Жыл басынан флюрографиялық тексерумен облыс тұрғындарының 96,8%-і қамтылған.Санитариялық мамандар тарапынан туберкулезге қарсы екпенің маңыздылығы және туберкулезді алдын алу бойынша ағарту жұмыстары үздіксіз жүргізілуде.