• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
03 Желтоқсан, 2013

Барак Обама интернеттен медициналық сақтандыру сатып алмақшы

280 рет
көрсетілді

АҚШ президенті Барак Обама денсаулық сақтау реформасының талаптарын орындап, интернет арқылы медициналық сақтандыру сатып алмақшы. Бұл туралы РИА «Новости» хабарлады.

2011 жылдан бері жүргізіліп келе жатқан денсаулық сақтау реформасы АҚШ азаматтарының көп бөлігін 2014 жылғы 1 қаңтарға дейін сақтандыру полисін сатып алуға міндеттейді. АҚШ үкіметі сақтандыру компаниялары арасында бәсекелестікті күшейтіп, тұтынушылар үшін бағаны төмендету мақсатында Healthcare.gov медициналық сақтандыру сайт-биржасын іске қосты.

Алайда, сайт ойдағыдай жұмыс істеп кете алмады. Алғашқы бір жарым ай ішінде 27 мың адам ғана сайт арқылы медициналық сақтандыру сатып алған. Сайт мәселесі АҚШ-тың ішкі саяси күнтәртібіндегі басы тақырыптардың бірі болды. АҚШ президенті бұл мәселені шешуге жеке өзі кірісетінін алға тартқан еді.

«Politico» газеті жазғандай, АҚШ президентінің табысы жоғары болғандықтан, оған медициналық сақтандыру қымбатқа түспек.

Айдар Өрісбаев.

Дереккөз: ria.ru

Соңғы жаңалықтар