• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
03 Желтоқсан, 2013

Ақтауда жаңа жағалау іске қосылды

336 рет
көрсетілді

Маңғыстау облысының орталығы – Ақтау қаласында жаңа жағалау іске қосылды. Бұл туралы Lada.kz хабарлады.

Осыдан біршама ай бұрын қаланың 15-ші шағын ауданы маңайы қызу қарбаласқа толы болатын. Сол жанды іс халықтың жайлы тынығуына мүмкінік жасады. Тұңғыш Президент күні тұсаукесері болған жаңа жағалау басында облыс әкімі Алик Айдарбаев былай деді.

«Ақтау жылдан-жылға өзінің келбетін өзгертіп келеді. Ол жұрттың көз алдында жақсарып барады. Мұнда қала мен аймақ қонақтарының жақсы демалулары үшін жағдайдың бәрі жасалуда. Кәрі Каспийдің жағасы – бұл үшін таптырмайтын мекен. Бұл жерде жұрттың тынығулары үшін жағдайдың бәрі жасалуы тиіс. Жалпы, біз бұл жұмыстарды жалғастыратын боламыз. Жағалауды ғана емес, бүкіл қаланы көріктендіреміз. Қазір Ақбота саябағын көркейту жолында жұмыстар жүргізіліп жатыр».

Данияр Түймебай.

Дереккөз: Lada.kz

Соңғы жаңалықтар