• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
04 Желтоқсан, 2013

Жаңа кеме жауынгерлік туын көтерді

446 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні қарсаңында Ақтау теңіз портында салтанатты, әрі маңызды шара өтті.

Бұл «Орал» атты зымыранды-артиллериялық кеменің жауынгерлік ту көтеруі еді.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні қарсаңында Ақтау теңіз портында салтанатты, әрі маңызды шара өтті.

Бұл «Орал» атты зымыранды-артиллериялық кеменің жауынгерлік ту көтеруі еді.

«Зенит» кеме жасау зауытында құрас­тырылған отандық аталмыш кеме жылдың сәуір айында суға түсірілген болатын. Күні бүгінге дейін мемлекеттік сынақтан өту кезеңін бастан кешкен кеме экипажы өз қуанышына мереке қарсаңында қол жеткізді. Кемеге жауынгерлік ту тапсыру – оның сынақтан сәтті өтіп, Әскери-теңіз күштері құрамына енгендігінің, енді жауынгерлік тапсырмаларды орындауға жолы ашылғандығының белгісі.

Салтанатты сәтке қатысқан Қазақ­стан Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштерінің бас қол­басшысы контр-адмирал Ж.Жан­­зақов, «Зенит» Орал зауы­ты» АҚ-тың бас директоры В.Валиев, Маңғыстау облысы әкімінің ор­ынбасары Ә.Шө­жеғұлов және Әскери-те­ңіз күштерінің ар­­­да­гер­лері сар­­баздарды мерекемен құт­­­тық­тап, экипажға сәттілік тіледі.

Контр-адмирал қолынан кеме капитаны қабылдап алған ту еліміздің екпінді Ән­ұранымен жоғары көтерілді. Енді әрбір таң білінісімен желбірей көкке көтеріліп, қараң­ғылық түсе босатылатын ту – экипаж құрамынан қырағылықты, шеберлікті, тас-түйін дайындықты талап етететін қастерлі белгі.

Мемлекет қауіпсіздігін қам­тама­сыз ететін және әскери міндеттерді оры­н­дауға арналған 240 тонналық «Орал» кемесі зымыранды-артиллериялық жабдық­тар­мен, заманауи әскери техникалармен жабдықталған, картаграфиялық, нави­га­циялық жүйе, байланыс құралдары, арба­лет қондырылған. Экипаждағы 30 адам «Зенит» Орал зауыты» АҚ-тың бас дирек­торы В.Валиевтің айтуынша, кеме құрас­тырылып жатқанда басы-қасында болып, оның қыр-сырымен жете танысқан теңізшілер. Демек, олар теориялық, прак­тикалық тұрғыда кемедегі техникалармен жұмыс істеуге үйренген, қажетті білімдерді меңгерген білікті деп сенім артуға негіз бар.

– Бұл еліміздің Әскери-теңіз күштері құрамына келген екінші зымыранды-артиллериялық кеме. «Оралдың» жабдықталуы мен қауқарына қарап, ол Каспий теңізінің қазақстандық секторын лайықты қорғайды деп және Әскери-теңіз күштерін мұндай қуатты кемелермен толықтырулар жыл сайын болады деп сенеміз, дейді Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы, контр-адмирал Ж.Жанзақов.

Енді кеме командирі Қ.Шар­шан­құлов бастаған экипаж алтын күн мен айбатты қыран, зікір мен бес жұлдыз бейнеленген жалауы жел­бі­реген «Оралмен» көк теңіз үстінде ой­қастамақ. Бұл еліміздің қауіпсіздігі, тұрғындардың бейбіт тірлігін күзету мақсатындағы сапарлар болмақ.

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан».

Маңғыстау облысы.

Соңғы жаңалықтар