• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Экономика 06 Желтоқсан, 2020

Қазақстанда әйгілі автокөліктер күрт қымбаттады

1015 рет
көрсетілді

Қазақстандағы автокөліктер құны 16-17 пайызға өсіп кеткен. «ҚазАвтоПром» мәліметінше, қаңтар-қазан айлары аралығында көпшілік жиі сатып алатын көліктер бағасы аспандай түскен, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әзірге сатылым бойынша Lada Granta көш бастап тұр. Жыл басынан бері ресейлік көліктің 6635 данасы сатылған. Одан кейінгі орында 5726 сатылыммен Ravon Nexia. Үздік үштікті Hyundai Tucson түйіндейді. Кәріс көлігінің 3795 данасы сатылыпты.

ТОП-5 қатарына Toyota Camry (3 714) мен Lada Vesta (3 531) кірген. Олардан бөлек алғашқы ондықта Hyundai Accent (3 443), Chevrolet Cobalt (2 905), KIA Rio (2 822), Lada 4х4 (2 705) және Hyundai Creta (2 561) көліктері бар. Жалпы алғанда 633,6 млрд теңгеге 70,5 мыңнан астам су жаңа көлік қазақстандықтардың еншісіне тиген.

Осыған қарап қазақстандықтардың баға өскеніне қарамастан көлік сатып алудан бас тартпағанын байқаймыз. Мәселен, жыл басында Lada Granta 3,67 млн теңге тұрса, онда қараша айында оның бағасы 3,69 миллионға жеткен. Былтыр тіпті арзан болған. 2019 жылы ел тұрғындары Ресей көлігін 2,84 млн теңгеге сатып алған. Яғни, былтырмен салыстырғанда биыл Lada Granta 29,7 пайызға қымбаттапты.

Ресей маркасымен белсенді бәсекелесіп келе жатқан Ravon Nexia көлігінің де бағасы жыл басынан бері едәуір өскен. Бірақ былтырмен салыстырғанда арзандаған. Бұл ретте қаңтар айынан бері Lada 4x4 – 21,2 пайызға қымбаттаса, Hyundai Accent 4,7 пайызға арзандаған. Сонымен қатар  Hyundai Creta автокөлігі бағасының да арзандауы байқалады.

Қазақстандықтар ерекше бағалайтын тағы бір көлік түрі – Chevrolet Cobalt бағасы 4,19 млн теңге екен. Ол осылайша, Toyota LC Prado көлігін ығыстырып шығарған. Ал Toyota Camry әзірге ең қымбатқа сатылатын көліктер көшін бастауды жалғастырып тұр. Жапон көлігінің бағасы – 10,87 млн теңге.