• RUB:
    5.17
  • USD:
    515.89
  • EUR:
    536.32
Басты сайтқа өту
Әлем 07 Желтоқсан, 2020

Ресейде вакцина егу басталды

91 рет
көрсетілді

Вакцина әзірге ме­ди­циналық және білім беру ме­ке­ме­­лерінің, сон­дай-ақ қалалық әлеу­­меттік ұйымдардың қызметкерлеріне салынып жатыр.

«Мәскеудің 70 емханасында COVID-19-ға қарсы вакцина егу басталды. Вирус жұқтыруы мүмкін деген топтағы азаматтар өздерінің кәсіби қызметіне байланысты күніне жүздеген адаммен байланыста болады. Қазіргі уақытта вакцина меншік нысанына қарамастан медициналық және білім беру мекемелерінің, сондай-ақ қалалық әлеуметтік ұйымдардың барлық қызметкерлеріне салынып жатыр» деп хабарлаған қалалық коронавирус жағдайын бақылау жөніндегі жедел штабтың өкілдері.

Тұрғындарға бұл жаңалықты СМС-хабарлама арқылы таратқан. Вакцина алғысы келгендер арнайы порталда тіркелуі керек. Екпе жасауға болатын кабинеттер күн сайын сағат 08:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді. Мәскеу емханаларына тіркелген 18 жастан 60 жасқа дейінгі адамдар коронавирусқа қарсы вакцина ала алады. Алайда бұл 60 жастан асқан адамдар үшін мүмкін болмай тұр.

Вакцина алудың да белгілі шарттары бар. Екпе алғысы келгендердің созылмалы аурулары болмауы керек немесе соңғы екі аптада ЖРВИ-мен ауырмаған болулары шарт. Сондай-ақ тұмауға немесе басқа да індеттерге қарсы алған соңғы вакцинадан кем дегенде 30 күн өтуі керек. Жүкті және бала емізетін әйелдер де вакцина ала алмайды.