• RUB:
    5.39
  • USD:
    479.83
  • EUR:
    528.82
Басты сайтқа өту
Оқиға 07 Желтоқсан, 2020

Мемлекетаралық іздеуде жүрген қылмыскер құрықталды

129 рет
көрсетілді

Нұр-Сұлтанда мемлекетаралық іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz

Учаскелік полиция инспекторлары Ильинка кентін аралау кезінде Доспамбет жырау көшесіндегі иесіз қалған вагонда тұратын ер адамды анықтаған.

Полицейлер тексеру барысында 1977 жылы туған азаматтың қараша айынан бастап шартты мерзімге сотталған ретінде пробациялық бақылаудан жалтарғаны үшін сот шешімімен мемлекетаралық іздеуде жүргенін анықтаған.

Аталған азамат ПД уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Биыл 7 қыркүйек пен 1 желтоқсан аралығында Нұр-Сұлтан қаласының аумағында “Учаске” жедел-алдын алу іс-шарасы өткізіліп, іс-шара барысында учаскелік полиция инспекторлары 280 мыңға жуық пәтерді, 85 мыңнан астам жеке және саяжай үйлерін аралады.