• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
04 Желтоқсан, 2013

Бауырмал Бесқарағай баурайында

350 рет
көрсетілді

Әр адам үшін кіндік қаны тамған мекен – Отан. Ал кей адамға әуелден жат көрінген мекен уақыт өте келе һәм ғұмырына гүл бітірген біршама мезеттен соң туған отанындай болып кетеді. Бұл – өмірлік заңдылық.

Әр адам үшін кіндік қаны тамған мекен – Отан. Ал кей адамға әуелден жат көрінген мекен уақыт өте келе һәм ғұмырына гүл бітірген біршама мезеттен соң туған отанындай болып кетеді. Бұл – өмірлік заңдылық.

Ертісті жар жағалай орын тепкен Бес­қарағай ауылының ауыл болғанына сексен жылдан асып барады. Заманның аумалы-төкпелі өзгерістерін де, алау­лаған-жалаулаған қуа­ныштарын да, қинаған-ыңыранған кесапаттарын да басынан өткерді бұл елді мекен. Дегенмен де, ұйыған айрандай ауыл тұғырдан түспей келеді, түспейді де.

Түпкілікті тұрғындар қазақтармен қатар, өзге ұлт өкілдеріне де Бесқарағай баурайы бауырмал жылы құшағын айқара ашты. Шарапат пен шапағатын бірдей берді. Сонау сұрапыл соғыс жылдары, тіпті, одан сәл бұрынырақтау саяси қуғын-сүргін жылдары осынау мекенге неміс, чешен ұлтының өкілдері күштеп көшірілсе, ХХ ғасырдың 50-жылдарының еншісінде қалған тың игеру жылдары орыс, украин, т.б. ұлт өкілдері Бесқарағайға құт іздеп қоныстанды.

Ауылдың осы күнгі егде тұрғындарын тыңдап отырсаң, шежіреге бергісіз қызықты әңгімеге қанық боласың. Өзге ұлт өкілдері өздерімен бірге өз ұлтының салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, ділдік әлеуметін ала келіп, қалыпты қазақылыққа жаңаша әр берді. Үй-там соғудың өзіндік үлгілерін кіргізді. Орыс, украин, чешен, неміс тілдері, олардың көркем өнері қазақ арасына тарап, халық бірлігінің бірегей үлгісіне айналды. Ұлттардың етене араласып кеткені соншалық, бара-бара аралас отбасылар да шаңырақ көтерді. Олардан үрім-бұтақ тарады.

Ал Бесқарағай ауылының қайталанбас тарихына өз еңбегімен қосқан өзге ұлт өкілдерінің қомақты үлесін қазіргінің егде шырақтары еш ұмытпайды. Зерделесек, ел-еліміздің, жер-жеріміздің өзге сүйсінерліктей, өзгеге үлгі боларлықтай жасампаздығы ұлт-ұлыстар ынтымақ-бірлікті бауырмалдығында екен-ау.

Бегімбек КЕРІМХАНҰЛЫ.

Павлодар облысы,

Лебяжі ауданы,

Бесқарағай ауылы.

Соңғы жаңалықтар