Бас прокуратура жанындағы С.Есқараев атындағы прокуратура органдары қызметкерлерінің біліктілігін арттыру, заңдылық және құқық тәртібі мәселелерін зерттеу институты мен ЕҚЫҰ Астанадағы орталығы бірлесіп “Қылмыстық сот процесінде прокурорлар қызметін жетілдіру” атты өңірлік семинар өткізді.
Астанадағы ЕҚЫҰ орталығы жетекшісінің орынбасары Жаннет Клетцер Қазақстан төрағалық ететін аталмыш ұйым азаматтар құқының сақталуын қорғау, соның ішінде әділ сот төрелігін қолдау бағытында барынша жұмыс жасайтындығын атап өтті. Сондықтан халықаралық адам құқығы жөніндегі ұйым прокурорлардың елімізде қабылданған жаңа заңдарды және ондағы нормаларды қажетті деңгейде қолдана білуі үшін олардың біліктілігін жетілдіруге мән береді. Бас прокуратура жанындағы институт осы бағыттағы жұмыстарды іске асырады.
“Егемен-ақпарат”.