• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
Экономика 08 Желтоқсан, 2020

Маневрлік қуат көздерін ынталандыратын заң қарастырылуда

215 рет
көрсетілді

Қазақстанда электр энергетикасы сала­сында маневрлік қуат көздерін салуды ынталандыратын заң жобасы қарастырылмақ. Бұл туралы Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев Алматы облысына жұмыс сапары барысында айтты.

Министр Қапшағай су қоймасы ауданын­дағы күн және гидроэлектр стансасының жұмысымен танысып, Шелек ауылындағы жел энергетикалық стансасының құрылыс орнында Алматы мен Алматы облысын энергиямен жабдықтау туралы мәселелерді талқылады.

Н.Ноғаев Үкімет электр энергетикасы сек­торында маневрлік қуат кешендерінің құры­лысын ынталандыруға ниетті екенін айтты.

Бүгінде елімізде электр қуатының профи­ци­ті маневрлік қуаттардың тапшы­лығы­мен сәй­кес келіп тұр. Мәселен, тәулік ішінде электр энергиясын тұтыну деңгейі біркелкі емес. Атап айтқанда кешкі уақыт­тарда жоға­ры­лап, түнде төмендеген бойда электр станса­лары жедел ауыспалы жұмыс­ты қажет етеді. Сол себепті жұмыс істе­п тұр­ған электр стан­саларының қазіргі рет­теу мүмкіндіктері же­ткі­ліксіз болған соң, жү­йелік операторға Ресей­дің реттеуші энер­гия жүйесіне сүйенуге тура келеді.

Маневрлік генерацияны құру жөніндегі жобаларды анықтау аукционды іріктеуді қол­дану арқылы жүзеге асырылмақ. Ведомство басшысының айтуынша, бұл осын­дай көздердің құрылысына серпін беріп, тұты­ну­шыларға неғұрлым тиімді жобаларды таңдауға жол ашады. Аталған шаралар Қазақ­стандағы Жаңғырмалы энергия көздерінің инвестициялық тартымдылығын арттыруға мүмкіндік беріп, отандық энергетикалық жүйеге қолайлы әсер етеді деп болжануда.