• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Оқиға 08 Желтоқсан, 2020

Өзіне-өзі қол жұмсамақ болған әйел құтқарылды

159 рет
көрсетілді

Петропавл ПБ Екінші полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторлары "Жұмысшы кентіндегі" көпірден өтіп бара жатады. Сол кезде көпір қанатының арғы бетіне шығып, астында өтіп бара жатқан поездың астына секіргелі тұрған әйелді көріп қалады. Машинадан түсе салған жігіттер оны құтқаруға ұмтылады. Полицейлерге өтіп бара жатқан қалалық азамат көмекке келеді, деп жазады Egemen.kz

Олар бірлесіп, әйелдің темір жол рельстеріне секіруіне жол бермей, көпірдің үстіне суырып алады.

Кейін анықталғандай, әйел сол күні ұрып-соққаны үшін бірге тұратын жігітіне қатысты арызданып, үйіне қайтуға қорыққан екен. "Жұмысшы кентінде" әйел құрбысының үйінде түнеп шықпақшы болады, алайда құрбысы оны кіргізбейді. Соған ашынған әрі қорыққан әйел екі жас баласына да қарамай өмірден баз кешпекші болған екен.  

Әйелге психологиялық көмек көрсетіліп, өзін тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған баспанаға орналастырылды. Ал оның 36 жастағы бірге тұрған жігітіне қатысты материалдар жиналып жатыр.