• RUB:
    4.83
  • USD:
    443.37
  • EUR:
    474.49
Басты сайтқа өту
Коронавирус 08 Желтоқсан, 2020

Коронавирус жұқтырған 1001 бала ем қабылдап жатыр

168 рет
көрсетілді

Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус жұқтырғандар жайында бүгінгі деректермен бөлісті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 14 210 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 1 001 бала бар. Стационарларда 3 803 науқас жатыр.  10 427 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

Жалпы науқастардың арасында 246 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 31 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 36 науқас өкпені  жасанды желдету аппаратында жатыр.