• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
04 Желтоқсан, 2013

АҚШ-та күзетшінің робот нұсқасы жасалды

646 рет
көрсетілді

АҚШ-тың «Nightscope» компаниясы ғалымдары күзетшінің робот нұсқасын жасап шығарды. Бұл туралы ИТАР-ТАСС хабарлады.

Күзетші роботтың бойы 1,5 метрді құрайды. Ол бейнекамера, тепловизор, қашықтық өлшеуіш, радар, ауа сапасын тексеру құралы және микрофонмен жабдықталған. Роботтың ерекшелігі, ол жадына алдын-ала енгізілген учаскеде өз бетімен күзетшінің жұмысын атқара береді екен.

Алдағы уақытта ғалымдар роботқа сенсор арқылы адамның бетін танып біліп, оның қаруланған я қаруланбағанын анықтайтын құрылғы қондырмақ. «Біз «Сэнди хук» мектебінде орын алған қайғылы оқиғадан кейін осы жұмысты қолға алуды жөн көрдік, – дейді «Nightscope» компаниясының атқарушы директоры Уильям Ли. – Әр мектепті қаруланған полицеймен қамтамасыз ету мүмкін емес қой».

Коннектикут штаты Ньютаун қаласындағы «Сэнди хук» мектебінде 2012 жылғы 14 желтоқсанда қайғылы оқиға орын алған еді. Мұнда 20 жасар Адам Лэнза есімді азамат 20 оқушы мен алты ересек адамды атып өлтіріп, артынан өзіне қол жұмсаған.

Роботты жасап шығарушылардың есебі бойынша, робот күзетшінің қызметі мектеп әкімшілігіне арзан түспек. АҚШ-та күзетшінің айлығы орта есеппен сағатына 8 долларды құраса, роботтың жұмысы сағатына 6,25 доллардан бағаланып отыр екен.

Айдар Өрісбаев.

Дереккөз: Itar-tass.com

Соңғы жаңалықтар