Ақтөбе облысында 5 жасар қыз 4 рюмка арақ ішіп, уланып қалды. Бұл туралы «Мой город» порталы хабарлады.
«Алина дастархан басында отырып арақ ішіп қойған. Мұны ол ауруханада есін жиғаннан кейін айтып берді»,-деп жазады аталған басылым. Оның ата-анасы ішкілікке салынған көрінеді. Қызы ауруханада жатқан кезінде анасы артынан бармапты. Тек әжесі мен әкесі жағдайын сұраған. Қазір осы отбасы мәселесімен құқық қорғау қызметкерлері айналысуда. Ал Алинаның өзі болса әжесінің үйінде тұрып жатыр.
Заң органы қызметкерлері бүлдіршінге қамқорлық жасамаған Алинаның анасы аналық құқығынан айрылуы мүмкін екенін айтып қалды. Осыған байланысты іс қарау жоспарлануда. Сол кезде нақты қорытынды шығарылатын болады.
Бақытбек Кенешұлы.
Дереккөз: Мой город