Бүгін, 4 желтоқсан күні халық санағына бөлінген миллиондаған ақшаны жымқырды деп айыпталған Анар Мешімбаеваға қатысты Астана қаласындағы №2 Сарыарқа аудандық сотында сот отырысы басталды. Бұл туралы Nur.kz хабарлады.
А. Мешімбаеваға қатысты қылмыстық істі судья Ақмарал Исаева қарайтын болды. Осы істің немен аяқталғанын жақын арада қосымша хабарлаймыз. Ал 43 жастағы А. Мешімбаева шетелде бой тасалап жүргенде, елімізде біршама өзгерістердің орын алғаны мәлім. «Халық санағына бөлінген қаржыны қалтасына басты» деген айыппен бұрынғы екі орынбасары мен "Киік" фирмасының құрылтайшысы, белгілі кәсіпкер Серік Тұржанов сотталып кетті. Дегенмен, осы 700 млн. теңге туралы алғаш сөз қозғалғанда, А:Мешімбаеваның өзі "қаржы полициясының бұл дерегі қате" деп сұхбат берген болатын...
Қамаудағы А. Мешімбаева әзір өзіне тағылған айыпты мойындап отырған жоқ. Адвокаты Ботакөз Бейсембаеваның айтуынша, экс-шенеунік сот барысында өзін ақтап алатын дәйектер келтірмек.Сондай-ақ, ол сот процесіне оның туыстары, яғни қарт әке-шешесі мен 18 жастағы қызы да келуі мүмкін екенін айтты. Жалпы, А.Мешімбаеваның өзі және адвокаты бұл сот процесін ақпарат құралдарының көрсетуіне қарсы емес.
Бақытбек Кенешұлы.
Дереккөз: Nur.kz