Қазақстан Ұлттық банкі доллардың 10 желтоқсандағы ресми бағамын жариялады. Ұйымның мәліметінше, доллардың теңгеге шаққандағы бағамы арзандайды, деп хабарлайды Egemen.kz
Америкалық валютаның бейсенбідегі ресми бағамы бір доллар үшін 419,91 теңге болады.
KASE-тегі кешкі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа алынған бағамы 419,92 теңге болған.
Дегенмен, Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 421,42 теңгеге сатылып, 419,88 теңгеге сатып алынып жатыр. Ал Нұр-Сұлтандағы пункттерде америкалық валюта орташа есеппен 421,41-ден сатылады, ал сатып алу 420,25 теңге.