• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
05 Желтоқсан, 2013

Ұлының қолынан қаза тапты

245 рет
көрсетілді

Атырау облысы Махамбет ауданында тұратын бір әйелдің ажалы туған ұлынан келіп отыр.

Атырау облысы Махамбет ауданында тұратын бір әйелдің ажалы туған ұлынан келіп отыр.

Аудандық прокурордың аға көмекшісі Ақтолқын Буденованың ақпарынша, аудан орталығындағы жеке үйлердің бірінен денесінде сау тамтығы жоқ 62 жастағы әйелдің мәйіті табылған. Кейін тексеру жұмыстары әйелді содан бір күн бұрын туған ұлының ұрып-соғып, соның салдарынан өлім оқиғасы орын алғаны анықталды. Құқық қорғау органдары қызметкерлері күдіктіге болған жайды қолымен қойғандай етіп айтып беріп, оны тұтқынға алды.

Алғашқы тергеу барысында-ақ жігіт тергеушілерге өзінің қатты мас болып, істеген істеріне есеп бермегенін, сол кеште анасынан ақша сұрағанын, ал оны бермегесін, қатты ашуланып ұрып тастағанын, оның соңы осылай өлімге апарып соқтырғанын баяндап шыққан.

Құрыш НҰРЫМБЕТ.

Соңғы жаңалықтар