Ноқталы заман делінетін кеңес дәуірінің темір ноқтасына да, қайыс ноқтасына да басы сыймаған қазақтың хас батыры Бауыржан Момышұлы туралы «Хабар» агенттігі тарихи телефильм түсіріп жатқанынан біраздан бері хабардар едік. Кеше Астана қаласындағы «Керуен» сауда-көңіл көтеру кешеніндегі кинотеатрда осы фильмнің бірінші сериясының тұсаукесері өтті.

Тұсаукесер рәсіміне басты рөлдерді сомдаған актерлер Еркебұлан Дайыров (Бауыржан Момышұлы) пен Әсел Сағатова (Б.Момышұлының жары – Жамал) қатысты. Ал теледидардан телефильмді ағымдағы жылдың 17 желтоқсанында жұртшылыққа ұсыну жоспарланған.
Фильмде соғыстың алғашқы күндерінде майданға баруға құлшынған көңіл-күйі бейнеленген. «Шынымды айтсам, осы жолы ұлы Баукеңнің шығармаларын жан-жақты зерделей оқыдым. Ондағы мақсатым, кімнің бейнесін жасап отырғанымды терең түсінуім қажет еді. Түйіндей келіп қорытқан ойым, қазақта осындай дара азаматтың болғанына мақтандым. Кейінгі өскелең ұрпақ Бауыржанның бойындағы батырлықты, батылдықты ұлтын сүйген, тілін қадірлеген қасиетін бойларына дарытса екен деген ниетпен батыр бейнесін көрсетуге бар күш-жігерімді жұмсадым. Бүгін ұлан-ғайыр жеріміз бар деп мақтансақ, сол жерді қорғаған осындай батырлар екен ғой», дейді қаһарман рөлін сомдаған Е.Дайыров.
Сүлеймен МӘМЕТ,
«Егемен Қазақстан».
Суреттерді түсірген
Ерлан Омаров.