• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 10 Желтоқсан, 2020

Нұр-Сұлтанда Сайлауды бейпартиялық байқау орталығы ашылды

168 рет
көрсетілді

Нұр-Сұлтанда Сайлауды бейпартиялық байқау орталығы ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz

"Бүгін Сайлауды бейпартиялық байқау орталығы ашылғандығы туралы жарияламақпыз. Біздің орталыққа алғашқы байқаушылар келіп жатыр. Барша әлемде сайлау науқаны ерекше маңызға ие. Сайлау – ол дауыс берушілер тарапынан сайланып, конституциялық құқықты орындау. Бұл өз кезегінде кез келген елдегі әрбір азаматтық құқығы. Қоғамдық ұйымдар үнемі сайлау процесін байқау іс-шараларына қатысуға тырысады", деді "Қазақстанның Азаматтық альянсының президенті Бану Нұрғазиева елордада өткен брифингіде.

Осы орайда ол орталықтың міндеттері туралы айтты.

"Партиялар атынан байқаушылар, сондай-ақ учаскелік комиссия мүшелері бар. Ал қоғамдық ұйымдар атынан баратын байқаушылардың басты мақсаты – сайлаудың қай деңгейде өткенін қарау. Олар тікелей қатысушы емес, яғни бәсекелестікке түспейді. Олар дауыс беру науқанын байқауға келеді. Осы орайда заң бұзушылықтарға жол берілмеуін, халықаралық стандарттар мен Конституцияға, заңнамаға сайлау процесінің сәйкес келуі жағдайын қарайды. Осы талаптар қатаң орындалуы керек", деді Б.Нұрғазиева.