• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 10 Желтоқсан, 2020

Коронавирустың адам миына әсері қандай?

284 рет
көрсетілді

Ухань қаласында COVID-19 жұқтырған науқастардың бір бөлігінде құрысулар, энцефалопатия, энцефалит, Гийен-Барре және Миллер-Фишер синдромдары байқалған. 214 адамның 36,4% - ында аталған ауыру белгілері тіркелген.

Жүйке жүйесінің зақымдануына тән белгілердің бірі – абыржу. Коронавирустық инфекциясын жұқтырған науқастардың неврологиялық және психикалық проблемалары туралы ақпарат эпидемия басталғаннан бастап тіркелген. Дәрігерлер вирус миға енетінін анықтаған, бірақ қандай жолмен енетіндігі белгісіз болған.Италиялық ғалым Джузеппе де Сантис SARS-CoV-2 иіс буылтығы арқылы енетіндігін – мидың иіс сезіге жауап беретін бөлігі арқылы мидың өзегіне жетіп, нейрондарды өлтіреді деген теория жасаған. Сондықтан уақыт өте келе иіс сезуін жоғалтқан COVID-19 жұқтырған пациенттердің жағдайы нашарлайды.Оның болжамдарын неміс ғалымдары растады. Олар қайтыс болған науқастардың сынамаларын ала отырып, жүйке тіндеріне зерттеу жүргізген. Кейбір адамдарда ауру кезінде абыржу, бассүйек ішіне қан құйылу, бас ауруы, мінез-құлықтың өзгеруі, жедел церебральды ишемия байқалған.