• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
05 Желтоқсан, 2013

Қаржы жұмсаудағы қиғаштық

302 рет
көрсетілді

Елбасы Үкіметтің кеңейтілген отырысында бюджеттік бағдарламалардың орындалмауының және олардың тиімсіздігінің негізгі себебін мемлекеттік сатып алу жүйесіндегі олқылықтармен байланыстырған болатын. Төмендегі мақалада бір саланың жұмысын талдау арқылы жалпыға ортақ түйінді жайттар әңгімелен еді.

Елбасы Үкіметтің кеңейтілген отырысында бюджеттік бағдарламалардың орындалмауының және олардың тиімсіздігінің негізгі себебін мемлекеттік сатып алу жүйесіндегі олқылықтармен байланыстырған болатын. Төмендегі мақалада бір саланың жұмысын талдау арқылы жалпыға ортақ түйінді жайттар әңгімелен еді.

Облыстық тексеру комиссия­сы республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитетімен бірлесе оты­рып облыстық денсаулық сақ­тау басқармасындағы биыл­ғы жергілікті бюджет қаражатын және республикалық бюджет­тен бөлінген нысаналы транс­ферттерді пайдалану тиімділігіне бақылау жүргізді. Оның қо­рытындысы бойынша 14 568,7 миллион теңгенің түрлі заң бұрмалаушылықтары анықталды. Бұл көрсеткіш бақылаумен қамтылған жалпы соманың 42 пайызын құрайды. Осы кезеңде кепілді тегін медициналық қызмет көрсететін ұйымдар 13 512,6 миллион теңгенің медициналық көмектің сапасы мен көлемін бақылаудың нәтижелерін ескерместен жүзеге асырғаны белгілі болды. Ал, жекелеген келісімдер бойынша тура және түпкілікті көрсеткіштер көлеміне толық қол жеткізілмеген, сөйтіп 335 миллион теңгенің трансферттері игерілмеген. 279,9 миллион теңгенің медициналық құрал-жабдықтары қоғам игілігіне тиімді пайдаланылмаған. Мәселен, «Кардиологиялық орталық» КМК-де 255,5 миллион теңгеге сатып алынған ангиографиялық рентген аппараты орнатылмаған. Денсаулық сақтау ұйымдары мен «Казмедприбор» ЖШС арасында жылжымалы медициналық кешен сатып алуға жасалған шарттар кешіктірілген. Жаб­дықтаушылар жеткізген жылжымалы медици­налық кешендер техникалық бейін­дерінде көрсетілген техникалық жағ­дай­ларға сәйкес келмеуі се­бепті келтірілген залал 241,6 миллион теңгені құраған. Облыс медициналық ұйымдарының ме­дициналық жабдықтармен жи­нақталу жағдайы да қана­ғат­тан­дырмайды. Аудандардың көр­сеткіші – 63,1, тубдиспансер­лерде – 51,4, фельдшерлік-аку­шер­лік пункттерде – 43,8, дәрі­гер­­лік амбулаторияларда – 38,7, медициналық пункттерде 52 пайыз төңірегінде. Петропавл қаласында орналасқан қалалық және облыстық ауруханалар мен емханалар бойынша 60,4 пайыздан аспайды.

Президенттің төраға­лы­ғы­мен өткен Үкімет жиынын­да мемлекеттік сатып алу жүйе­сінде орын алған келеңсіз­дік­тер сынға алынғаны белгілі. Мұн­дай теріс жайттар облыс­тың медицина саласында үйрен­шікті қалыпқа айналғаны бай­қалады. Мемлекеттік сатып алу тәсілін негізсіз қолдану, Қа­зақстан Үкіметі айқындаған тауарлық биржалар тізбесіне енбейтін тауарлық биржалардан мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру салдарынан 170,8 миллион теңге шығын келтірілген. Тұтастай алғанда, жағымды өзге­рістерге қарамастан, денсаулық сақтау саласында медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық қорлары, ауылдарда медициналық ұйымдарды облыстық, аудандық орталық­тарда шоғырландыру есебінен медициналық қызметтерге бірдей қолжетімділік қалыптаспаған. Мұның өзі емделушілердің сапалы және жоғары технология­лы медициналық қызметтерге сұранысын елеулі түрде қиындата түсері сөзсіз. Сауалдамаға жауап­ берген науқастардың үштен бірі ұсынылатын медициналық қызметтердің сапасына қанағат­танбайтындығын атаған. Ден­саулық сақтау саласын білікті кадрлармен қамтамасыз ету мәселесі де түпкілікті шешілмей келеді. Әсіресе, елді мекендер тәжірибелі мамандарға тапшы. Штаттық бірліктерді толықтыру дәрігерлердің басқа лауазымдарды қоса атқаруы есебінен өтелуі медициналық қызметтің сапасы мен тиімділігіне теріс әсерін тигізетіні айтпаса да түсінікті.

Елбасы Үкімет отырысында сөйлеген сөзінде денсаулық саласына аса ауқымды қаржы бөлінетінін, соған қарамастан қызмет көрсету сапасы көңіл көншітпейтінін атап көрсеткен еді. Тексеру барысы өңірдегі ден­саулық саласындағы түйін­ді проблемалар қаржылық ре­сурс­тардың жеткіліксіздігінен емес, керісінше оларды пайдалану тиімділігінің төмендігімен пайда болып отырғанын көрсетіп берді.

Дулат ЕДІРЕСОВ,

облыстық тексеру комиссиясының

төрағасы.

Солтүстік Қазақстан облысы.

Соңғы жаңалықтар