Кеше Орталық коммуникациялар қызметінде дәстүрлі брифинг өтті. Оған «Ұлттық бизнесті қолдау жөніндегі заңнаманы жаңғырту» тақырыбы бойынша Өңірлік даму министрінің бірінші орынбасары Қайырбек Өскенбаев келіп, саладағы атқарылып жатқан шаралар жайында баяндады. Брифингті Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев жүргізіп отырды.

«Статистика агенттігінің мәліметтері бойынша, елімізде 1 миллион 524 мың шағын және орта бизнес субъектісі бар. Оның ішінде белсенді жұмыс жасайтындары – 754 204. Ал жұмыспен қамтылғандар саны 2 миллион адамнан асады. Біздің бағдарламаларымыз бойынша 2030 жылға дейін шағын және орта бизнестің үлесін 40 пайызға дейін жеткіземіз деп санап отырмыз», деді Өңірлік даму министрінің бірінші орынбасары Қ.Өскенбаев. Сондай-ақ, ол шағын және орта бизнесті тексеру жайындағы жұмыстарды да назардан тыс қалдырмады.
Отырыс соңында бірінші вице-министр БАҚ өкілдерінің жалпы бизнесті қолдау мәселелері төңірегіндегі түрлі сауалдарына жауап берді.
Әбдірахман ҚЫДЫРБЕК,
«Егемен Қазақстан».