* Қазақстанда 7 млн. салық төлеушіге табыс туралы декларация жеңілдетіледі.Осыны айтқан Қаржы вице-министрі Руслан Дәленов кеше сонымен бірге, декларацияны электрондық әдіспен толтыруға да болатынын мәлімдеді.
* Қазақстанда 7 млн. салық төлеушіге табыс туралы декларация жеңілдетіледі.Осыны айтқан Қаржы вице-министрі Руслан Дәленов кеше сонымен бірге, декларацияны электрондық әдіспен толтыруға да болатынын мәлімдеді.
* Республикада коммуналдық тарифтер жыл соңына дейін өзгермейді. Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары Асылбек Дүйсебаев желтоқсанда теміржол мен ішкі рейстер авиабилеттері бағаларының да өзгермейтінін атап өтті.
* Өскеменде аса мұқтаж жандар баспаналы болды. Кеше осы шараға арналған салтанатта облыс әкімі Бердібек Сапарбаев жарты жыл ішінде бой көтерген көпқабатты үй пәтерлері кілттерін соғыс ардагерлері мен олардың жесірлеріне, ауған соғысының бұрынғы сарбаздарына, көпбалалы отбасылары мен жетім балаларға табыс етті.
* Қызылордада «Шахнама» – Оғыз мәдениетінің жауһары» атты республикалық жыр-дастан фестивалі өтті. Оның ашылуында сөйлеген облыс әкімі Қырымбек Көшербаев атақты Фирдоуси жырлаған түркі мәдениетіне ортақ қазына – «Шаһнаманы» қазақша сөйлетуде Сыр перзенттерінің рөлі зор болғанын айтты.
* Семейде өткен жиында швейцариялық ғалым өз сөзін түгел қазақша жеткізді. Шәкәрім атындағы университетте ұйымдастырылған конференцияда Цюрихтің әлеуметтік және мәдени антропология университетінің директоры, профессор Питер Финке Қазақстандағы көші-қон туралы жасаған баяндамасын қазақтың әдеби тілінде әдемі айтып берді.
* Ақтаудағы қазақ-түрік лицейінде «Асық» атты клуб ашылды. Білім ордасының директоры Жеңіс Тілемісовтің айтуынша, қазақтың ұлттық ойындарын насихаттау бағытында жұмыс жасайтын бұл отаудың патриоттық сезімді көтерудегі қызметі жоғары болмақ.
«ҚазАқпарат», «Қазақстан жаңалықтары», Bnews.kz, TengriNews, EgemenNews хабарлары бойынша дайындалды.