• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Оқиға 11 Желтоқсан, 2020

Сүңгуірлер шеберліктерін шыңдауда

532 рет
көрсетілді

Тереңдігіне кез келген адамды бойлата бермейтін Каспий теңізі айдынында сүңгуірлердің маңызы зор. Олар азаматтық қоғамда ғана емес, әскери өмірде де арнайы дайындалып, үнемі шыңдалу үстінде жүреді.

Ақтау гарнизонында сүң­гуір­лік даярлық порттарда, ак­ва­­­то­рия­­­ларда, суларда және жа­­ғалауда жауынгерлік мін­дет­­терді орындау үшін жүр­гі­зі­леді. Әскери-теңіз күштері сүң­­гуірлерін бас­тап­қы даярлау бас­сейнінде жүр­гізіледі. Ашық те­ңізге түспес бұрын әскери қыз­мет­шілер қа­жет­ті дағдыларды үй­ретуі керек, ал­­ғашқы сабақтар тео­риялық тұр­ғыда өткізіледі.

Жауынгерлік жүзушілер жаб­дық­тың материалдық бөлігін және тактикалық-техникалық сипаттамаларын зерделейді, сынақ­тар тапсырады және сүңгуір жаб­ды­ғын пайдалануға рұқсат алады.

Сүңгуірлер үйренетін бірінші нәрсе – су астындағы дұрыс тыныс алу, аппараттағы қысымды теңестіру. Сондай-ақ стреске төзімділік жаттығуларын және төтенше жағдайларды жою әдіс­те­рін үйрену қажет. Нұс­қау­шылар оқытудың барлық кезең­де­рінде қауіпсіздік шараларын сақтауға ерекше көңіл бөледі.

– Жеңіл сүңгуірлік дайындық бойынша жыл сайынғы курс­тан әскери сүңгуір мамандығын таңдаған жаңадан келген әскери қызметшілер өтеді. Мұндай сабақ­тардың бірінші кезеңі бассейнде өткізіледі. Бізге акватлон, су астындағы қоян-қолтық ұрыстарын үйретеді. Бұл сабақ барысында ағзаның гипоксияға төзімділігі және су ортасында болу сенімділігі сияқты қасиет дамиды, – дейді топ сержанты 3-сыныпты сержант - сүңгуір Руслан Орумбаев.

Қыста бассейнде сабақтар аптасына үш рет өткізіледі. Ал көктемде, күн жылынған сәттен бастап Әскери-теңіз күштерінің сүңгуірлері ашық су айдындарында сүңгуге кіріседі.

Әрі қиын, әрі қызық сүңгуір­лік­ке жас сарбаздарды қызы­ғу­шы­лығы да жоғары.

 

Маңғыстау облысы