• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 11 Желтоқсан, 2020

Абай мұрасы – жалпыадамзатттық құндылық

245 рет
көрсетілді

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінде Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция болып өтті. Ақыл-ойдың биігіне шыққан хәкім Абайдың әлі де жұмбақ әлеміне арналған іс-шараға студенттер, магистранттар мен докторанттар қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz

Биыл ақынның мерейтойы әр өңірде өз деңгейінде аталып өтілуде. Сондай-ақ бірнеше шет мемлекеттерде Абай орталықтары ашылып, жұмыстарын бастады.

Сыр бойындағы қара шаңырақ – Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті ұйымдастырған «Абай мұрасы – жалпыадамзатттық құндылық» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда академик Ғ.Есім, Л.Н.Гумилев атындағы Евразия Ұлттық университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы С.Негимов,  әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті «Тұран-Иран» ғылыми зерттеу орталығының директоры,  филология ғылымдарының докторы, профессор И.Жеменей Абайдың жұмбақ әлемі жайлы айтып өтті.

Қажы Байрам Вели университетінің профессоры, PhD доктор Г.Құрманғалиева – Ерджиласун, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті «Дулатитану» ғылыми зерттеу институтының директоры, филология ғылымдарының докторы С.Құлбарақ, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті «Хакім Абай» ғылыми зерттеу орталығының директоры, филология ғылымдарының кандидаты Ж.Шойынбет, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті «Қорқыттану және өлке тарихы» ғылыми зерттеу институтының директоры, филология ғылымдарының докторы Б.Кәрібозұлы хакім Абай даналығы, оның қазақ әдебиетіндегі орны, шығармаларындағы Құран қағидаттары, түркі-парсы ақындары, модернизм, қарасөздерінің танымдық сипаты, жастар тәрбиесі және рухани реформаторлық тұлғасы жайында баяндама жасады.