• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Елорда 12 Желтоқсан, 2020

Өрттің салдарынан 5 қызынан айырылған отбасы ұлды болды

756 рет
көрсетілді

Өрт салдарынан бес қызынан айырылған елордалық отбасында ұл бала дүниеге келді. Ақжолтай хабарды қоғам белсендісі Тәңірберген Бердоңғаров өзінің Facebook парақшасына жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz

"Өрт салдарынан балаларынан айырылып, қайғыға батқан Ситер отбасын сәбилі болуларымен құттықтаймын!. Жанымгүл аяғы ауыр болған кезде көз тимеуі үшін бұл туралы ешкімге айтпауымды өтінген еді. Бүгін олардың шаңырағында қуанышты жаңалық! Өмірге ұл келді!", деп жазды Тәңірберген Бердоңғаров өзінің Facebook парақшасында.

Тәңірберген Бердоңғаров сондай-ақ ерлі-зайыптыларды ұлды болуларымен құттықтады.

"Сіздерді халық атынан құттықтаймын және ұлдарыңыздың несібесі арта берсін деп тілейміз! Сіздердің қыздарыңызға деген үлкен махаббаттарыңыздың, қарындастарының құрметіне орай лайықты мұрагер болсын! Бұл махаббат оны барлық жамандық атаулыдан сақтасын. Бауы берік болсын!", деп жазды ол.

Еске сала кетейік, 4 ақпанда сағат 2:34-те Астанадағы ТЖД "101" тетігіне Сарыарқа ауданы Шыңғыстау көшесіндегі жеке тұрғын үйдің ауласындағы бөлек тұрған уақытша баспанадан өрт шыққаны туралы хабар келіп түскен. Өртті сөндіру кезінде 2006, 2008, 2013, 2015 және 2018 жылы туған бес баланың мәйіттері табылды. Олардың ата-аналары жұмыста болған.