• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Аймақтар 19 Желтоқсан, 2020

Атырау облысында карантиндік шектеу шаралары күшейтілді

496 рет
көрсетілді

Бұл туралы облыстың мемлекеттік бас санитар дәрігері Амантай Жұмағалиевтың жаңа қаулысында айтылған, деп хабарлайды Egemen.kz

«Атырау облысының аумағында  эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанға дейін шаруашылық және (немесе)  өзге де қызметпен және халықтың тыныс-тіршілігінің ерекше жағдайларымен шектеу шаралары енгізілсін. Шектеу іс-шараларының режимі мен мерзімдері облыс аумағында COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуы бойынша ахуалдың өзгеруіне сәйкес қайта қаралуы мүмкін», делінген қаулыда.

Бас санитардың қаулысына сәйкес Теңіз кен орнында карантиндік және шектеу шаралары эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанға дейін ұзартылды.  

Ал өңір тұрғындарына респираторлық инфекцияның алғашқы белгілері пайда болған кезде (құрғақ жөтел, қызба, тыныс алудың қиындауы, ентігу және т.б.) медициналық ұйымдарға бармай, жедел медициналық көмек 103-ке қоңырау шалу арқылы үйден медициналық көмекке жүгіну, қоғамдық тамақтану орындарында тамақтану кезінде әлеуметтік арақашықтықты сақтай отырып және 5 (бес) жасқа дейінгі балаларды коспағанда, қоғамдық орындарында, баруға және демалуға арналған орындарда, қоғамдық көліктердемедициналық немесе мата бетперделерін кию, жасы 65-тен асқан адамдарға азық-түлік, дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдарды, сондай-ақ қажетті тауарларды сатып алуды және медициналық мекемелерге баруды  қоспағанда аса қажеттілік болмаса тұрғылықты жерінен шықпауға ұсынылды.

Сонымен бірге тұрғындар халық көп шоғырланатын жерлерге бармауы, әлеуметтік арақашықтықты, бетперде тәртібін, жеке бас гигиенасын сақтауы тиіс.