• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Оқиға 20 Желтоқсан, 2020

«Менің туым – менің елім!» акциясы өтті

1152 рет
көрсетілді

Елдігіміздің белгісі мемлекеттік рәміздерімізге деген құрмет ерекше болуы тиіс. Мұны жете түсінетін қазақстандықтар Елтаңбамызға, Әнұранымызға және Көк туымызға деген құрметін ешқашан төмендеткен емес. Бұл сөзіміздің басты айғағы ретінде еліміздің барлық аймақтарында мемлекеттік рәміздерді ұлықтауға арналған түрлі іс-шаралардың жыл он екі ай бойы толассыз ұйымдастырылатынын айтуға болады. Мұндай игі іс-шаралар, әсіресе тәуелсіздік күні қарсаңында қарқын алып, халықтың рухын асқақтата түсетіні көңілді марқайтады.

Тәуелсіздік күні қарсаңында тұрғын­дар­дың мемлекеттік рәміздерге деген құрметін арт­тыру, өскелең ұрпақтың патриоттық сезімін жаңғырту мақсатында Түркістан облысы көлемінде «Менің туым – менің елім!» патриоттық акциясы ұйымдастырылды.

Акция аясында облыстың барлық аудан,­­­­ қалаларындағы жергілікті тұрғындар өз үйлері мен елді мекендердегі әлеуметтік, кәсіпкерлік нысандардың сыртына мемлекеттік ту іліп, мереке қарсаңында халыққа патриоттық рух сыйлады. Облыс орталығы Түркістан қаласынан бастау алған іс-шара облыстағы 16 аудан, қалада жалғасты. Акция барысында облыста 20-дан аса тұрғын үй мен ғимараттың балкондарына, терезелеріне 300-ден аса мемлекеттік ту орнатылып, 200-ден аса жастар мен тұрғындар қатысты.

Сонымен қатар Түркістан қаласы – «Жастар ресурстық орталығы» ғимаратына және көп қабатты тұрғын үйлердің балкондарына – 36, Арыс қаласы – Батырлар алаңы, Әйтеке би көшесі №66 көп қабатты тұрғын үй – 16, Кентау қаласы – көп қабатты тұрғын үйлердің балкондарына – 16, Сарыағаш қаласы – Сарыағаш аудандық мәдениет үйінің сыртқы алаңы мен көп қабатты тұрғын үйлердің балкондарына – 70, Леңгір қаласы – көп қабатты тұрғын үй мен орталық алаңдарға (4 ғимарат) – 30, Шардара қаласы – көп қабатты тұрғын үйдің терезелеріне – 16, Жетісай қаласы – көп қабатты тұрғын үйдің терезелеріне 16 мемлекеттік ту ілінді.

Сондай-ақ арнайы хештегпен әлеуметтік желілерде жазбалар, азаматтардың мем­ле­кеттік тумен түскен фотолары мен бейне­роликтері жарияланып, акция ха­лық­тық сипатта жалғасын тапты.