• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Алматы Бүгін, 18:05

Алматы облысында жолдың бір бөлігі опырылып түсті

30 рет
көрсетілді

6 мамыр күні таңертең Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында жолдың опырылу фактісі тіркелді. Әлеуметтік желілерде тараған видеодан жолдың ортасында тереңдігі 2-3 метр болатын үлкен шұңқыр пайда болғаны анық көрінеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Белгілі болғандай, бұл жер 1960 жылдары «Есік дендрологиялық паркі» болған. Ол кезде мұнда әртүрлі ағаштар мен өсімдіктер өсірілген. Кейін аумақ бетон плитамен жабылып, үсті топырақпен тегістелген. 

Алматы әуежайын су басты: Мекеме басшылығына қандай шара қолданылады?

2009 жылы бұл аумақ жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер телімдері ретінде беріліп, уақыт өте келе елді мекен қалыптасқан. Алайда бетон плитаның бұзылуына байланысты жер қабаты шөгіп, соның салдарынан жолда опырылу пайда болған.

Қазіргі уақытта жол екі жақтан да жабылып, көлік қозғалысы үшін айналма жол ұйымдастырылған. Қозғалыста айтарлықтай кедергі жоқ. Сондай-ақ қалпына келтіру жұмыстары қолға алынған.

Жаппай төбелес: Алматыдағы екі жасөспірімнің өлімінен кейін қылмыстық іс қозғалды

Бұған дейін әлеуметтік желілерде жергілікті тұрғындар жол ортасында пайда болған үлкен шұңқырдың суреттерімен бөліскен еді. Оқиға кезінде жолда көліктер болмағандықтан, адам шығыны тіркелмеген.

Соңғы жаңалықтар