• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Кәсіпқой бокс 20 Желтоқсан, 2020

Боксшылардың Тәуелсіздікке тартуы

142 рет
көрсетілді

Өткен мереке күндері бір топ қазақ­стандық боксшы Нұр-Сұлтанда және Алматыда өткен кәсіпқой бокс кешін­де шаршы алаңға шығып, қазақ­стан­дық бокс жанкүйерлерін жігерлі жеңіс­терімен қуантты.

16 желтоқсанда елордада ұйымдастырыл­ған бокс кешінің басты жекпе-жегінде өнер көрсеткен Айдос Ербосынұлы (15-0, 10 КО) ганалық Иса Самирмен (19-1, 16 КО) жұдырықтасып, өзіне тиесілі WBC Asia, WBA International және WBO Global бел­дігін қорғап қалды. Екінші орта салмақта өткен жекпе-жек небәрі үшінші раундта отан­дасымыздың жеңісімен аяқталды. Соны­мен қатар осы кештің андеркардында бақ сынаған жерлестеріміз Данил Семенов, Евгений Павлов, әуесқой бокстағы әлем чемпионы Бекзат Нұрдәулетов және Азия чемпионы Бек Нұрмағанбет кезекті жеңістеріне қол жеткізді.

Бокстан ұлттық құрама капитаны Қам­шыбек Қоңқабаев бастаған жігіттер де Алматы рингінің шаңын қақты. Жасөс­пірім­дер Олимпиадасының күміс жүлдегері Тал­ғат Шәйкен бастап берген жеңісті жол­ды WBC тұжырымы бойынша жас­тар арасындағы әлем чемпионы Сұлтан Зауырбек, 2017 жылы 75 килода бокстан ел чемпионы атанған Абай Төлеш және тағы басқа бірқатар боксшылармыз сәтті жалғап, Қоңқабаев жеңісті жолды түйіндеді.