• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Аймақтар 21 Желтоқсан, 2020

СҚО-да элеваторды тонау ісі бойынша екінші күдікті ұсталды

458 рет
көрсетілді

2019 жылдың қарашасында Солтүстік Қазақстан облысында элеваторды тонаған күдіктінің бірі ұсталды, деп хабарлайды деп хабарлайды Egemen.kz.

Бір жыл бұрын СҚО Ақжар ауданындағы «Талшық Астық LTD» ЖШС элеваторына шолақ мылтықпен қарақшылық шабуыл жасалып, 170 миллион теңгені қолды болған еді. Іске қатысы бар төрт күдікті іздеуде болды. Жуырда солардың бірі Нұр-Сұлтан қаласында ұсталды.

33 жастағы күдікті қазір астананың уақытша ұстау изоляторында отыр. Бұл –  екінші қылмыскер. Ал біреуі қаңтар айында ұсталған болатын. Қазір қалғандарын іздестіру жалғасып жатыр.

«Қылмыскерлерді іздеу – криминалдық полиция бөліністері жұмыстарының маңызды бағыттарының бірі. СҚО-да жыл басынан 47 қылмыскерге іздеу жарияланды. Бүгін соның 35-і ұсталды, оның ішінде үшеуі қарақшылық шабуыл, екеуі ауыр дене жарақаттарын келтірген, - дейді СҚО ПД КПБ бастығы полиция полковнигі Пётр Климов.