21 желтоқсаннан бастап республикалық маңызы бар Алматы-Өскемен тасжолында көліктің барлық түрінің жүруіне тыйым салынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
2020 жылдың 21 желтоқсан сағат 07.00-ден бастап ШҚО-дағы ауа райының қолайсыздығына байланысты осындай шешім қабылданды. Бұл туралы Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Алматы облысының ТЖД тұрғындардан осы бағытта жол жүрмеуді және 112 қызметінің SMS-хабарламаларын назардан тыс қалдырмауды сұрады.Ұзақ жолға шығар алдында ауа райымен танысып, төтенше жағдайларда көмектесетін барлық затты бірге алып жүру қажет.