Денсаулық сақтау министрінің бірінші орынбасары Марат Шоранов ДДҰ-ның Медициналық-санитарлық алғашқы көмек жөніндегі Географиялық жағынан қашық орналасқан офисі ұйымдастырған «МСАК туралы айтсақ» атты ай сайынғы вебинар сериясын іске қосуға арналған жиынға қатысты. Саясаткерлер, денсаулық сақтау саласындағы ұйымдастырушылар, ДДҰ Еуропалық аймағының сарапшылары ай сайын алғашқы медициналық-санитарлық көмек пен оны нығайту жолдарын талқылайды.
«Медициналық-санитарлық алғашқы көмек көрсету: Төтенше жағдайға реакция немесе нақты трансформация?» тақырыбында өткен семинарға ДДҰ Еуропалық аймақтық бюросының елдік саясат және денсаулық сақтау жүйелері бөлімінің директоры Наташа Азопарди Мускат, Ұлыбританиядан келген Nuffield Trust Бас директоры Найджел Эдвардс және Литвадағы отбасылық медицина клиникасының басшысы, отбасылық дәрігер Ида Лисецкене қатысты. ДДҰ МСАК жөніндегі ГҚО басшысы Мелитта Якаб модератор болды.
Вебинардың бірінші бөлімінде спикерлер COVID-19 пандемиясы басталғалы алғашқы медициналық-санитарлық көмек деңгейінде қызмет көрсетудегі өзгерістер пандемияға қарсы реакция ма, әлде денсаулық сақтау жүйесіндегі ұзаққа созылатын нақты трансформация ма деген мәселені талқылады.
М.Шоранов пандемия басталғаннан кейін 11 ай өткен соң Үкімет арнайы шаралар қабылдап, отандық денсаулық сақтау жүйесін қайта құруды бастағанын атап өтті. Ал заңнама, инфрақұрылым, дәрі-дәрмек сатып алу әдісін және қызметкерлерге білім беру бағдарламасын жетілдіру болашақта пандемияның алдын алуы үшін қажет. Сондай-ақ дәрігерлік қабылдаудан бас тарту және телефон мен бейне консультацияға көшудегі МСАК деңгейінде қызмет көрсетудегі өзгерістердің салдары талқыланды. Инфекция таралуының алдын алуға ықпал ететін саяси шешімдер қабылданады, мысалы, инфекцияға күдікті пациенттерге жеке кіруді ұйымдастыру, мобильді топтар және медицина қызметкерлерінің денсаулығын қорғау іспетті. Сонымен қатар сарапшылар МСАК деңгейіндегі мультидисциплинарлық командалардың жұмысын талқылады. М.Шоранов COVID-19 пандемиясы кезінде МСАК бригадалары пациенттерге, әсіресе қосымша ауруы бар науқастарға көмек көрсетуде үлкен рөл атқарғанын атап өтті. Мұндай командалар Қазақстанда 2018 жылы МСАК жөніндегі Астана Декларациясы қабылданғаннан кейін дайындала басталды. Қазақстанда бастапқы буын мамандарының мультидисциплинарлық командасында (шамамен 40 мың адам): отбасылық дәрігерлер, отбасылық медбикелер, патронаждық медбикелер, әлеуметтік қызметкерлер (2500 адам), психологтар (1500 адам), СӨС мәселелері бойынша мамандар, денсаулықты нығайту бойынша 9 негізгі мектепті жүргізушілер жұмыс істейді.
Бұдан әрі талқылау пациенттерге қолжетімді медициналық қызметтерге қатысты болды. Вебинардың екінші бөлімінде талқылауға Еуропалық аймақ елдерінің денсаулық сақтау сарапшылары қосылды. Талқылау 2 тақырыпқа бөлінді: «Шұғыл әрекет ету немесе тұрақты трансформация?» және «Кедергісіз инновациялар». Вебинар ағылшын және орыс тілдерінде өтті. Мұндай іс-шаралар алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету бойынша жұмыс істейтін түрлі деңгейдегі сарапшыларды жинайды, пікір алмасуға, әлеуетті арттыруға, денсаулық сақтау жүйесін нығайтуға ықпал етеді және сайып келгенде, халықтың денсаулығын жақсартуға әсер етеді.