Түркістан облысында хабар-ошарсыз жоғалып кеткен әйел табылды, деп жазады Egemen.kz. Бұл туралы облыстың полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Полицияның хабарлауынша, Созақ аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын жұбайы кешкі сағат 19:00 шамасында үйінен белгісіз бағытқа шығып кетіп, қайта оралмағанын айтып, арызданған.
Осылайша әйелімен еш байланыса алмай, хабар-ошарсыз қалған ер адам бірден полицейлердің көмегіне жүгінген.
Жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде полицейлер тәулікке жетпей әйелді құрбысының үйінен тапты.
Тексеру барысында отбасылық кикілжіңнен соң әйелі күйеуіне ренжіп, ашумен құрбысының үйіне кетіп қалғаны анықталды. Қазіргі таңда ерлі-зайыптыларға түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, әйел аман-есен үйіне қайтарылды.